" Гүл - Астана " Әні: Қанат Уәлиұлы Едресов, Сөзі: Серік Тұрғынбекұлы
Гүл Астана Әні: Қанат Уәлиұлы Едресов Сөзі: Серік Тұрғынбекұлы Көз салып келбетіңе, Қызығам мен көркіңе. Әсем де,сұлу қала, Табар ма ем жер бетінде. Куәсі ғасырлардың, Арманы асылдардың. Мұратқа жетелей бер, Жолымен ғасырлардың. Қайырмасы: Көгімдегі күндей болып, Жұлдыз толы түндей болып. Мың құлпырған гүлдей болып, Атқан таңдай, жаққан шамдай, Жайна,жайна - сен Астана. Арайлы таңғы аспаны, Тағы да ән бастады. Елдіктің шежіресі, Ерліктің жалғасқаны. Өмірдің өткелінде, Сағынып жеткеніңде. Астана гүл жайнайды, Көңілдің көктемінде.