АСЫРАНДЫ РЕКС Тероназавр БОСТАНДЫҚҚА шығып бәрін шошытады | Мир Юрского Периода 2015 фильм
Бүгін біз 2015 жылы шыққан "Мир Юрского периода" деп аталатын киноны қысқаша баяндап береміз.Динозавр туралы кинолар ұнаса лайк басып кетіңіз.Бейнемізді аяғына дейін көріңіз.Ондай болса кеттік... Кино басында Грэй Митчел деген баланы көреміз.Өзі динозаврларды жақсы көреді екен.Карен деген анасы келіп,жүр тезірек шық дейді.Сыртта әкесі көлікпен күтіп тұр.Тағы да Зак деген ағасы бар.Өзінің жүріп жүрген қызымен қоштасуда.Бейне бір соғысқа кетіп бара жатқандай.Әкесі болса соны айтады.Содан кейін әкесі мен анасы Зак пен Грэйді жолға шығарып салады.Қысқасы динозаврларды басқаратын мекенде Клэр деген Кареннің сіңлісі жұмыс істейді.Жиендері сол тәтесіне келеді.Зара деген Клэрдің көмекшісі балаларды күтіп алады.Уақытша Клэр босамайынша мен сендерді қарай тұрамын дейді.Клэр болса өзінің әріптестерімен кездесіп,динозаврлар туралы айтады.Бұл жердегі бүкіл динозаврларды гендерін зерттеп,адамға тиіспейтін етіп асырапты.Қызық екен.Бірақ та арасында Рекс деп аталатын ерекше бір динозавр түрі бар.Оның тағдырын әлі ешкім білмейді.Себебі оны әлі бостандыққа шығармады.Зак пен Грэй артынан тәтесі Клэрмен кездеседі.Клэр оларды көріп өсіп кетіпсіңдер ғой дейді.Клэрдің қолы бос емес еді.Сол себепті,сендермен бүгін бола алмаймын.Кешке босаймын сол кезде кездесеміз дейді.Жиендерінің көңілдері сәл түсіп қалады.Клэр кейін өзіне бағынатын Луоэри және Вивиан деген қызметкермен кездеседі.Олардан жұмыс барысын сұрайды.Бәрі жақсы сияқты.Содан кейін Клэр тікұшаққа мінеді.Ол жерде Саймон деген коорпорацияның басшысы болады.Клэрдің бастығы.Қасында тағы да бір пилот бар.Олар әлгі Рексті ұстап жүрген алаңға келеді.Сосын Клэр мен Саймон екеуі арнайы бөлмеге кіріп,іш жақтан әлгі ерекше динозаврды қарайды.Бір қызығы осындай егіз екеу жасапты.Бірақ тірі қалған динозавр өзінің егізін жеп қойды дейді.Саймон болса қорқа бастайды.Динозаврлардың тілін білетін Уэйн Грэйди деген жігіт бар.Бұрынғы морпех дейді.Соны шақыру керек деп қалады.Клэр болса оны біледі.Кезінде бірге жүріпті.Артынан сол Уэйнді көреміз. Шошқа қуып жүрген рапторларды басқарады екен.Қысқасы бұл жердегі асыранды рапторлар Уэйнге бағынады.Оның белгі берген бұйрығын орындайды. Сырт жақта басқа адамдар тамашалап тұр.Барри деген досы келеді.Одан кейін Вик деген біреу келеді.Оның ойлағаны тек пайда еді.Ол Уэйнге қарап, мына рапторларды болашақта соғысқа пайдалану керек.Егер де олар адамды тыңдаса,біз басқа жыртқыштарға қарсы қолдана аламыз дейді.Бірақ Уэйн көнбейді.Олар да тірі жануарлар.Оларда адамдікі сияқты сезім бар дейді.Вик болса,жоооқ,олар адам емес.Оларға мүмкіндік берсең,сені жеп қояды дейді.Екеуі тағы да жеке қалады.Бір кезде бір шошқа шығып кетеді.Оны ұстаймын деген бір жұмысшы алаңға құлап кетеді.Рапторлар болса әлгіге атылмақшы болады.Сол кезде Уэйннің өзі алаңға кіріп,жаңағы адамға әрі қарай кет дейді.Сосын ақырын ғана рапторларды басқармақшы болады. Барриге есікті жап дейді.Ол жауып жатқанда,Уэйн тез арада қашып бері кіре қояды.Мына жақта Зак пен Грэйді Клэрдің көмекшісі Зара қарап жүр. Бір кезде ол телефонмен сөйлесіп кеткенде,балалар бостандықты қалап,Зарадан қашып кетеді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов