БҰЛ ҰСТАЗДАН небір МЫҚТЫЛАР шықты | Никогда не сдавайся 1 2 3 все части смотреть | Кино шолу
Кино басында америкалық футболды байқаймыз.Басты кейіпкеріміз осында ойнап жүреді.Есімі Джэйк.Ойын арасында бір жігіт Джэйкке намысына тиетін сөздер айтып қалады.Джэйк шыдай алмай оған атылып,төбелес болып кетеді.Кейін Джэйк киім ауыстыратын жақта отырады.Сонда қасына досы келіп,сен басқа жаққа көшейін деп жүрсің бе деп сұрайды.Джэйк болса,иә дейді.Досы кетіп бара жатып,жарайды демалыста кездесеміз дейді.Джэйк үйіне келеді.Сонда анасы,тағы да төбелесіп қалдың ба деп ұрсады.Флоридаға көшеміз,ол жақта бұндай болмасын дейді.Сосын,ініңе көмектес деп кетіп қалады.Екінші күні Джэйк інісі екеуі жолға шығу үшін заттарды жинай бастайды.Сонда әкелерінің бір заты түсіп қалып,Джэйк әкесін есіне алып кетеді. Содан Джэйк отбасымен Флорида қаласына келеді.Сосын,бірінші күні мектепке барады.Мектептен шығып,жолда кетіп бара жатқанда,көшеде бір топ жігіттер тұрады.Арасында бір қара жігіт,ақ жігітті ұрып жатыр.Сонда соны көрген Джэйк жетіп келіп,ақ жігітке көмектесіп,әлгі қара жігітті бір береді. Бірақ рахмет айтудың орнына әлгі ақ жігіт,Джэйкті бір береді.Араласпа дейді.Сөйтсе,араларында бір бірімен төбелесіп жатыр екен.Ішінде Райан деген жігіт,кете ғой жігіт,араласпа дейді.Джэйк кетіп қалады.Әлгісі ақ жігіт қайтадан төбелесе бастайды.Екінші күні сабақ болып жатады.Сабақ барысында, Джэйк өзінің білімін көрсетіп қалады.Баха деген қыздың Джэйкке назары түседі.Сосын сабақ біткесін Баха Джэйкке жақындап жақынырақ танысады. Баханың қасына достары келіп,Баха солармен кетіп қалады.Кешке қарай Джэйк үйінде отбасымен жүреді.Бірақ осында көшіп келгеніне әлі де үйрене алмай жүр.Анасына өзінің наразылығын айтып қалады.Келесі күні Джэйк тамақтанып отырғанда,қасына бағанағы төбелеске бұйра шашты жігіт келеді. Есімі Макс.Ол Джэйкке жақындап,онымен танысып сөйлесіп кетеді.Сенің кешегі соққың мықты болды.Бәрі бейнеге түсірілген еді,сен түсіп қалдың, мына балалар бәрі сен туралы айтып жатыр дейді.Сосын Макс,өзінің Жан Рока деген мастерге баратынын айтады.Ол бізге неше түрлі төбелестің стилін үйретеді.Сен де кел,сені шақырамын,сенде талант дейді.Бірақ Джэйк,менің ондайға қызығушылығым жоқ деп кетіп қалады.Мектепте жүрсе,бәрінің назары Джэйкте.Сосын Джэйк далада кетіп бара жатқанда,көлікпен Баханың достары бірге кетіп бара жатады.Баха болса,Джэйкті бүгінгі болатын кешкі көңіл көтеру кешіне шақырады.Қызық болады,кел дейді.Джэйк ойланып,жарайды келемін дейді.Осы жолы Джэйк үйіне жақсы көңіл күймен келеді.Түнге қарай Джэйк пен Макс екеуі әлгі Баханың шақырған кешіне келеді.Ол жерде бүкіл жастар жүр.Бекерден бекер емес.Сөйтсе бұның бәрін ұйымдастырған Райан екен.Райан Джэйкті дала жақтағы төбелеске апарады.Артынан Джэйк Баханы көріп қалып мәз болып тұрады.Сонда қасына Райан келіп,дайынсың ба дейді.Джэйк түсінбей тұр.Сонда Райан,төбелесеміз дейді.Райан кәдімгідей шешініп дайындалып жатыр.Джэйк ондайға дайын болмаған еді,мен дайын емеспін дейді.Сонда Райан халық сенің соққыңды көрді.Оң жақ қолмен бір соққы,әлгі жігіт сенен қорқып қалды.Халықты алдай алмайсың,дайындал дейді.Джэйк оған,мен төбелеспеймін,мен ешкіммен төбелеспеймін дейді.Райан болса,онда не үшін келдің дейді.Джэйк болса, Бахаға қарап қалады.Сонда,Райан Бахаға жақындап әдейі оған қырындай бастайды.Баха ұялып қалады.Джэйк болса,жақсы демалыңдар деп кетіп бара жатады.Бірақ Райанның адамдары оны тоқтатады.Ешқайда кетпейсің,саған төбелесуге тура келеді дейді.Ақыры амал қалмағандықтан,Джэйк пен Райан төбелеседі.Райан болса,әрине дайындаулы жігіт.Біраз жаттыққан.Ал Джэйк ол жағын білмейді.Райан мақтанышпен Джэйкті жығып,ұрып тастайды. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов