Жұлдыз Ақболат | Ризық Алладан | Мұқтаждарға көмек берем | Айтарым бар
— Бір күнде байлығымның барлығын садақаға беріп, түксіз қалдым. Бұлай Аллаға тәуекел ету арқылы дүниенің жүрегіме кіріп кетпегенін түсінгім келді. Ниетті дұрыстап, әрекет ету арқылы Алладан ризық келді. Қазір Алладан “маған көп байлық берші мұқтаждарға беретін ақшам бітіп қалды, сол үшін молынан ризықтан жаза гөр” деп дұға етемін,- дейді көптен күткен қонағымыз Жұлдыз Ақболат. Жалпы біз неден сабақ алуымыз керек? Ең шынайы дұға қайсы? Бұл өмір сынақ па? Осы сұрақтарға жауап алу үшін подкастың толық нұсқасын соңына дейін көріп шығыңыз. Әрі подкастың соңында сізге дайындаған сыйлығымыз бар