Иран елінде 200 ден астам қазақ жүр.Иран мен АҚШ соғысына айналып кетті ме? Наркенже әншінің шындығы
Бүгінгі шығарылымда: Әлемнен тыныштық кетті. Иран мен Израйльдің қақтығысы ушығып оған АҚШ араласып дүние аласапыранның алдында тұр. Бір бірін зымырандармен атқылап жатыр. Бір бірімен шекарасы түйіспейтін елдің қырғыны ,басқа елдерге зияны тиіп кетпейме? Ядролық нысандар жарылса зардабы қандай болмақ? Мұнай бағасы қалай құбылды? Осыны түсінген АҚШ басшысы Дональд Трамп бүгін Иран мен Израиль соғысы тоқтайтыны туралы мәлімдеме жасады. Оның қандай салмағы бар? Түркістан облысында мәдениет адамдарын төсек қатынасы арқылы танытады. Жақында белгілі әнші Наркенженің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін осындай ойға келуге болады. Халықтың сүйікті әншісі қандай шындықты айтты? Құлдырау басталдыма? Дамуы тежелген ұлттың мәдениетіне құрт түседі деуші еді. Ал Астанада тіптен мұны мәдениет деуге келе ме екен. Министрлер мен үкімет басшылары отыратын ғимараттың фонында жеңіл жүрістілер анайы би билеп жүр. Бұл не болып кетті. Ақпарда осындай ақпараттарға тоқталамыз.