G
enby!

БУРАБАЙДАҒЫ БІР КҮН ҚАНША ТҰРАДЫ?

Біріншіден, Бурабайға жетудің бірнеше жолы бар. Көлігіңіз болса, Астанамен екі ортадағы 260 шақырымды 2 жарым сағатта жүріп өтесіз. Бастысы, таң азанымен жолға шығыңыздар немесе вокзалға барып, таксимен келісуге болады. «Индрайвермен» заказ беріп, үйден шығып кетуге де болады. Ол енді қымбаттау. Ал үшінші жолы – таңғы сағат 6.00-де электричкаға отырып кету. 1700 теңгеге билет алып, Бурабайға жете аласыз. Ары қарай, Бурабайдың өзіне автобустар мен таксилер толып тұр. Қымбат емес. Екіншіден, таңғы асты ішпей шығып кетсеңіздер, Бурабайдың қақ ортасында тамақтанатын жерлер көп. Үшіншіден, Бурабайды аралап шығудың төрт түрі бар. Жаяу (тегін). Велосипедпен (сағатына 1000 теңге), жеке көлікпен (шлагбаумнан өту үшін адам басына 278 теңге төлейсіздер) немесе обзорный экскурсия жалдау (мини автобуспен адам басына 2000 теңгеден алып кетеді). Төртіншіден, Бурабайға келіп тұрып, «Көкшетау» балмұздағын жемей кетуге болмайды. Бағасы – 300 теңге. Бесіншіден, Бурабайға келген кез келген адам Жұмбақтасты көргісі келеді. Ал оған жағалаудан қайық немесе катамаранмен жетуге болады. Қайық бағасы жарты сағатқа – 3000, катамаран – 1500 теңгеден. Алтыншыдан, Абылай хан алаңына міндетті түрде аялдайсыздар. Бұл жерден кәдесыйлар алып, ұлттық киімдерді киіп, суретке түсуге болады. Сол жерде тамақтанатын жерлер де бар. Жетіншіден, Бурабай көліне шомылсаңыздар болады. Бірақ қазір күн суытты. Сондықтан кеңес бермеймін. Сегізіншіден, Оқжетпес шыңына міндетті түрде шығыңыздар. Бурабайдың сұлулығы таудың төбесінен әдемі көрінеді. Естен кетпес әдемі суретке де сол жерден түсуге болады. Бірақ кәдімгідей шаршайсыздар. Сосын абай болыңыздар! Біз өз көлігімізбен шықтық. 6000 теңгеге бензин құйдық. Жолға анау-мынау алдық. Ақылы жолға 400 теңгеден төледік. Көлікпен шлагбаумнан өту үшін тағы 270 теңгеден бердік. Балмұздақ алдық. Тауға тегін шықтық. Бір-екі кәдесый алдық. Әбден суретке, видеоға түстік. Қайтарда тойып тамақтанып алдық. Жалпы 3 адам 15 мың теңгеге барып қайттық. Бұл эконом санаттағы саяхат. Хабар арнасына жазылыңыз https://www.youtube.com/c/khabarshowt...
Смотрите наши топовые шоу: сериал Келінжан -    • «Келінжан» телехикаясы / Телесериал «Келін...   Dimash Show -    • Dimash Show   Пәленшеевтер 3 -    • «Пәленшеевтер 3» телехикаясы.  / Телесериа...   #БУРАБАЙ #Сонымен #Отдых

Смотрите также