G
enby!

Сарандағы индустриялық алып: автобус қалай құрастырылады?

Қазақстанның индустриялық дамуына серпін берген жобалардың бірі - «QazTehna» автобус және коммерциялық техника зауыты. Бұл заманауи кәсіпорын Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан және еліміздегі ең ірі көлік өндірісінің бірі саналады. Мұнда қалалық, туристік және арнайы мақсаттағы автобустар, сонымен қатар мектеп көліктері құрастырылады. Өндіріс әлемге танымал «Yutong» брендімен серіктестікте жүзеге асырылады. QazTehna-ның басты мақсаты: импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандық өнімнің үлесін арттыру. Зауыттың өз оқу орталығы бар, онда мамандар 12 түрлі бағыт бойынша дайындалады. Бүгінгі шығарылымда біз автобус құрастырудағы металл рамасын дәнекерлеуден бастап, бояу, құрастыру және сынақ кезеңіне дейінгі барлық процесті көрсетеміз. Бір қарағанда қарапайым көлік сияқты көрінетін автобус жүздеген бөлшек пен мыңдаған еңбектің жемісі. Ендеше, Қазақстанда жасалған алып көлік қалай құрастырылады, шығарылымнан көріңіз! _____________________________________ El.kz Ақпараттық-танымдық портал Ресми сайттың сілтемесі: https://el.kz/
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram -   / el.kz   Facebook -   / wwwelkz   Telegram - https://web.telegram.org/k/#@elkz_portal
#elkz #қазақстанжаңалықтары #новостиказахстана ##

Смотрите также