«АЙБЫН» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАП КӨМЕК СҰРАДЫ
Жүйе. Бұл подкаст жүйедегі заңсыздыққа тап болып, құзырлы органдардың кедергілеріне кезіккендер өз оқиғаларын ашық айтатын алаң. Жаңа шығарылымда 2019 жылы Арыс қаласындағы жарылыстан кейін әскери оқ-дәрілер қоймасын залалсыздандыру барысында жарақат алған әскери қызметкер Жомарт Мұғалдың оқиғасы баяндалады. Жомарт снаряд қалдығын жинаймын деп қызмет бабында жарақат алған. Қазіргі таңда еңбекке жарамсыз күйге түскен. Бұл шығарылымда әскери қызметкер өзінің тапталған құқықтары мен әділетсіздіктері жайлы ашық айтып, басынан өткен ауыр сәттерді бөліседі. Біздің байланыс нөміріміз: 8701 186 38 38 © Ақылы жоба. Демеуші тарапынан төленген. Шығарылым ұнаса пікір қалдырып, каналымыздың дамуына сіз де атсалысыңыз!