Мұнайгаз технологиясы мен инновациясы жайлы
Подкастта мұнайгаз және энергетика саласының қазіргі ахуалы мен келешегін талқыладық. Өндіріс, қайта өңдеу мен барлаудағы технологиялар және инновацияларды атап өттік. Отандық кадрларымыздың мықты жақтары қандай? Әл-ауқатты компанияға қандай алғышарттар тән? Кәсіби даму жолын құру бойынша жастарға өсиет-кеңестер берілді. Сондай-ақ халықаралық білім және тәжірибенің ерекшеліктері айтылды. Подкаст жан-жақты, кешенді әрі қызықты тақырыптарды қамтиды. Түсірілім қонағы: Аслан Бөлекбай - Мұнайгаз саласының әйгілі маманы, Абу Даби Ұлттық Мұнай компаниясы Вице-президентінің Кеңесшісі, дата-аналитика, машиналық оқыту, мұнайгаз инженериясы бойынша халықаралық білімі мен көпжылдық тәжірибесі бар Подкаст жүргізушісі: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram арнасының және Energy Podcast Youtube арнасының авторы Аслан мырзаның подкастта айтқан мақаласын осы жерден таба аласыздар (100-бетте): https://drive.google.com/drive/folder...
Тайм-кодтар: 01:47 Аслан Бөлекбай мырзамен таныстыру, туған жері, балалық шағы 03:53 Алған білімі мен жұмыс мансабының басы туралы 07:08 Мұнайгаз және сервис саласындағы алып компаниялар туралы 08:47 Дата аналитика мен машиналық оқытудың маңызы 10:50 Қазгеология және Австрияда жұмыс істеу тәжірибесі 11:33 Kazenergy-де шыққан мақала туралы 15:28 Қазақстандағы газ саласының потенциалы және коммерциялық болжау 16:47 Ғылыми-зерттеулер және патент алу - шетелдік тәжірибе 19:20 Халықаралық гигант компанияларда істеу санаға әсері етеді 20:05 Кез келген компания мықты болуы үшін 3 алғышарттар қажет 22:00 Қазақстандағы тұрақты даму және жасыл энергетика 25:20 Неге Таяу Шығыстағы мұнайгаз елдері атом электр станциясын салып жатыр? 28:30 Қазақстандағы газ саласының қызметі туралы 31:11 Судың тапшылығы мен су энергиясы - Араб мемлекеттерінің мысалы 31:28 Жас мамандарға мамандық таңдау мен мансап бойынша кеңестер 35:33 Қазақстандағы жастардың басты мәселесі қандай? 37:09 Мұнайгаз саласында қай мемлекеттердің келешегі зор? 39:20 Қазақстандық мықты кадрлар неге шетелге кетеді? 41:30 Инновациялық салалар мен жаңа технологиялар уақыты 45:22 Қорытынды
Смотрите также
