G
enby!

Жалдамалы ғимаратта отырған бүтін бір ауданның жедел жәрдем қызметі жуырда далада қалуы мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Алматы облысында жалдамалы ғимаратта отырған бүтін бір ауданның жедел жәрдем қызметі жуырда далада қалуы мүмкін. Өйткені нысанды қолдануға берген кәсіпкер "келісімшарт аяқталды" деп фельдшерлер мен жүргізушілерді сыртқа қуып жатыр. Ауруханадан жер аударылғалы екі рет қоныс ауыстырған Қарасайдың жедел жәрдем қызметі енді қайда барарын білмей дал. Ал бұған жауапты басқарма басшылары не дейді? Мәселе қалай шешіледі? Әріптесім Оразай Нұртайұлы біліп көрді. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Тұрақты мекенжайсыз қалған жедел жәрдем қызметінің бүгінде паналаған ғимараты бұрын музыка мектебі болған. Медициналық жабдықтарды сақтайтын қойма мұнда жоқ. Содан да шығар қазір дәрі-дәрмек пен алғашқы көмек көрсетуге қажет заттың бәрі күйсандық тұрған акт залында жатыр. Әзірге Қарасайдың жедел жәрдем стансасы саналатын бұл ғимарат біріншіден ескі, екіншіден іші тар. Қызметкерлердің айтуынша, бұл жерге келіп тынығу былай тұрсын, отырудың өзі мүмкін емес. Қуыс-қуыста тығылған егеуқұйрықтар түскі асымызды, одан қалса сақтап отырған дәріміз бен киімімізді кеміріп кетеді дейді. ОЛЖАС АМАНҚОСОВ, Қарасай ауданы жедел жәрдем бөлімшесінің қызметкері: Бір жыл бұрын осы жерге алып келді. Бұған дейін "Таң дастархан" деген кафеде бір айдай тұрдық. Мына ғимараттың өзінде бізде қазір ешқандай жағдай жоқ. Шынын айтсақ, іші толған крыса. Туалет біреу. Ол женский ма, мужской ма. Кейде кезекте тұратын кезің болады. САНДУҒАШ СӘРСЕНБАЕВА, Қарасай ауданы жедел жәрдем бөлімшесінің қызметкері: Қазаннан бастап бізді шығарып жатыр. Біз мемлекеттік организациямыз ғой. Неге бізді далаға шығарып жатыр. Сонда бізге не ғимарат жоқ. Жағдай жасамайды. Ал Алматы облыстық жедел жәрдем стансасы директорының сөзіне сенсек, бүгінде ғимаратсыз көшіп-қонған қызметкерлерге жеке нысан салуға жер телімі табылған. Бірақ құрылысы қашан басталып, қашан қолданысқа берілетіні әлі белгісіз. Ал оған дейін жалдауға болатын ғимаратқа орналасып амалдай тұрамыз дейді жауаптылар. ЕСХАТ ЖАНТОКОВ, Алматы облысы жедел жәрдем стансасының директоры: 1,5 ай болды іздеп жатқанымызға. Енді порталға да қоямыз. Бізге қажетті квадратурамен ғимарат табу мүмкіндігі болмай жатыр. Қазір аренда жағын біз реттейміз. 1 қазанға дейін табамыз бір ғимаратты. Далада қалмайтынына кепілдік бересіз бе? Кепілдік береміз. Бүтін бір ауданға жауапты жедел жәрдем қызметінде көлік мәселесі де тұралап тұр. Қызметте болуы тиіс 28 бригаданың тең жартысы бүгінде машиналары бұзылып, шақыртуға бара алмайды. Ал бұған дейін мейрамханада, кейін музыка мектебіне орналасқан жедел жәрдем енді қандай ғимаратта отыратыны өздеріне де жұмбақ. Оразай Нұртайұлы, Ринат Абулхаир, ИБ, Алматы облысы. ----------------------------------------------- Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зерттеулер]   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также