Трендтегі "9Т" жобасын қолға алған Ұлттық құндылық ордасы| #135
≡ Бір қарағанда бұл мектептің өзге білім ордаларынан не ерекшелігі бар деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл білім ордасының ең негізгі ерекшелігі- оқушылар мен ұстаздар мектепте тек ұлттық киіммен келеді. Ұлттық құндылыққа негізделген орта білім ордасы мектептің мәдени ортасын құруда мол тәжірибеге ие. Оқу ұясында трендтегі "9Т" жобасы жұмыс істейді. Бұл білім алушы шәкірттерді бірегей білім мен ұлттық тәрбиеге бағыттайды. Біз түсірілім тобымызбен аталмыш білім ордасына барып, мерейлі мамандық иесі атанған мектеп мұғалімдерінің биік белестерді бағындырып жатқанының куәсі болдық. Жоғары білікті педагогикалық құрам жаңалыққа жаны құмар жасампаз жастарға жігер береді.Бұл мектепте қазіргі таңда оқушылардың жан- жақты шыңдалуы үшін 8 түрлі үйірме бар екенін айта кету керек. Бұл жас буынға біліммен қатар өнер, спорт сынды дүниелерді қатар алып жүруіне зор мүмкіндік. ➤ Асхат Садырбай: / askhatsadyrbay ➤ 135 Мектеп: / 135_zhobbm_kmm #асхатсадырбай #ұлттықмектеп #135мектеп
Смотрите также
