G
enby!

Әлімжеттік себеп: Шымкентте 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Шымкентте мал қорадан мектеп оқушысының мәйіті табылды. 14 жастағы Өмірсерік Сұлтанбектің жансыз денесін алғаш болып анасы көрген екен. Марқұм телефонында қоштасу хатын қалдырыпты. Жазбадан жеткіншектің әлімжеттіктің құрбаны болғанын аңғару қиын емес дейді туыстары. Сондықтан олар қол көтеріп, қоқан-лоқы көрсеткен сыныптастары жазаға тартылсын деп отыр. Қара жамылған отбасымен өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тілдесіп келді. Айдын-күннің аманында кенжесінен айырылған ананың зары сай-сүйегіңді сырқыратады. Күні кеше ғана ұлын жер қойнына тапсырған Жанерке Жүнісбекова өз-өзіне әлі келе алмай отыр. Себебі, қорада асылған баласының бейнесі көз алдынан кетпеген. Өмірсерік Сұлтанбек биыл 9-сыныпқа көшіп, бір ай бұрын ғана 14-ке толған екен. Әкесінен үш жыл бұрын айырылған ұл содан бері томаға тұйық күйге түскен. Білім ұясындағы буллинг те сол уақытта басталды дейді марқұмның туыстары. ЖАНЕРКЕ ЖҮНІСБЕКОВА, марқұмның анасы: Мектепке барады, сенің әкең жоқ деп балдар кемсітеді. Бұл – бір ма?!. Ауылдас келіншектің де баласы бар. Кластасы. Сол екеуін сарайдың төбесіне шығарып, ана бала темекі шеккен. Екеуін қорқытқан. Темекімен қолдарына басқан ғой. Сен бізге ақша тауып бересің. Маған темекі әкеп бересіңдер. Менің айтқаныммен жүресіңдер деп қорқытқан. Үйіңде не бар, ақшаң бар ма шығар деген. Мектеп басшылығы балалардың бір-біріне күш көрсеткенін көрмедік деп өздеріне шаң жуытпады. Ұстаздар марқұмның телефонынан табылған жазбадағы оқушылар Өмірсеріктің сыныптастары дейді. Бірақ олардың оғаш қылығын көрмедік деп отыр. РАЙХАН ТӨЛЕЕВА, №32 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бала өте сабырлы. Мінезі тұйықтау. Сабағы қанағаттанарлық. Ол ешкімге әлімжеттік көрсетіп, біреуден әлімжеттік көріп жатқанын мен көрген емеспін. Жазғы уақыттан бері бірімен бірі сөйлеспей жүрген екен. Неге сөйлемейсің деген өзара сөзі бар. Мектеп балаларының бүйтіп алып бара жатқан көшбасшылық сотқар мінезін мектеп қабырғасында көрген емеспін. Қазір полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Қара жамылған отбасы кінәлілер тиісті жазасын алғанын қалайды. Сондай-ақ, оқушылардың тәрбиесін қадағалай алмаған мұғалімдер де жауапкершілікке тартылу керек деп есептейді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также