G
enby!

Баспаналарының дәл іргесінен өткен көпір құрылысы тұрғындарды әбігерге салды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Таразда 26 тұрғын үй қоршауда қалды. Баспаналарының дәл іргесінен өткен көпір құрылысы кіріп шығуды мұңға, тыныштығын шуға айналдырған. Ауыр техниканың дүмпуінен дуал біткен, қақырап құлаудың алдында тұр деп дабыл қағуда. Ал қала билігі құны 16 миллиард теңгелік өткелдің құрылысын тоқтатпаймыз ашық айтты. Жоспарға кірмегендіктен жұртқа өтемақы да берілмейтінін жеткізді. Тараптарды өңірдегі әріптесім Нұрадин Рақай тыңдап келді. Таң сәріден түн ортасына дейінгі ауыр техниканың тарсыл-гүрсілі тұрғындардың тыныштығын бұзған. Шаң топалаңы тағы бар. Келген көлік кіре алмайды. Қорықпай жата алмайды. Өйткені қабырғалары қақырап, жарылған үйлер құлаудың алдында тұр дейді. КҮЛӘНДӘ ДҮЙСЕНБИЕВА, Тараз қаласының тұрғыны: Басында бізге әкім айтты ғой. 9 метр болады деп. Қазір вообще 3,5 метр. Сонда қайда қарап отыр? Әлі негізгі жұмыс басталған жоқ. Егер басталса трамбовка деген болады. Үлкен техникамен трамбовать етеді. Ол кезде біздің үйлер шашылып қалады. Бізде негізгісі бір үй. Ертең бүлінсе бомж боламыз ғой. Қамауда қалған көптің көрген қиындығы шаш-етектен. Жан бар жерде жазым боп жедел жәрдем шақырса жетпейді. Жағдайды айтсақ ешкім түсінбейді дейді жұрт. Айтса айтқандай ақ, құрылыс пен үйдің арасында екі адам қатар жүре алмайтын жер қалған. Көпір астында қалған қарашаға күннің көзін көру де арманға айналар түрі бар. ҚҰНДЫЗ ЖАҚЫПОВА, Тараз қаласының тұрғыны: Күндіз-түні тыныштық жоқ. Күндіз шаң топырақ. Түнде тарс-тұрс ұйқы жоқ. Менің күйеуім мүмкіндігі шектеулі жан бірінші топта. Жедел жәрдем келе алмайды мына жерден өте алмайды жедел жәрдем. Біздің енді үйімізді под снос алсын біздің талап ететініміз. Үйімізді сүріп, өтемақы өндірілсін деген көптің тілегі орындалмайтын сыңайлы. Өйткені ортадан өткен көпірдің тек бір қапталы ғана мемлекет меншігіне қайтарылса, бұл үйлер жоспарға енбей қалыпты. НҰРСҰЛТАН ИСАБЕКОВ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары: 26 тұрғын үй бар сол жерде. Бұл тұрғын үйлер біздің көпірдің жобасына кірмеген. Қазір уақытша құрылысқа қоршалған. Бұл жерде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қоршалады. Кейін құрылыс жұмыстары біткеннен кейін әрбір үйге машина кіріп шығу жолдар ашылып, асфальт төселеді. Қазір уақытша ыңғайсыздықтар туындатып отыр. Ал дүмпуден жарылған қабырғаларға әкімдік айыпты емеспіз дейді. Өйткені арнайы сараптама тағайындап, ескі үйлердің онсызда сейсмикалық талапқа сай еместігін анықтапты. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также