Енді қыз алып қашу, дәстүр емес, қылмыс
Қазақстанда бір емес , бірден үш жаңа қылмыс түріне заң қатаңдады.. Енді қыз алып қашу, дәстүр емес, қылмыс. Сондай-ақ, дропперлікке де тоқтау салынды. Картамды жалға беремін дегендер заңсыз ақша айналымының серіктесіне айналып, сот алдында жауап береді. Адамның жеке өміріне қол сұғу, cталкинг үшін айыппұл ғана емес, қамауға алу да бар.