Елімізде салық саясатына өзгерістер енгізілді
Салық төлеушілердің назарына! Елімізде көлеңкелі экономика мен мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту мақсатында салық саясатына өзгерістер енгізілді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұдан бөлек мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасалған жолдауында айтылған цифрлық жүйені дамыту үрдісі салық жүйесіне де енгізіледі. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Жетісу облысында кәсіпкерлер мен тұрғындарға арнап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.