G
enby!

Президентті күзеттім / Жедел СҰХБАТ

Аслан Қаратаев — тағдырға тізе бүкпеген темір жігіт Бұл — ерік-жігердің символына айналған азамат. Аты — Аслан Қаратаев. Бұрынғы әскери қызметкер, бүркіт жасағының сапында ел үшін еңбек еткен. 2007 жылы Президент күзетінде жүрген шағында жол апатына түсіп, арбаға танылды. Бірақ сол күннен кейін де Аслан тағдырдың соққысына бас имеді. Қайта, өмірге деген құштарлығы артып, жаңа жолға бет бұрды. Қазір Сайрам ауданы, Сиқым ауылында ауыр техникаларды жөндейді. Темір-терсекті тіліндей түсініп, трактор мен комбайнның жанын дөп басатын шебер. Асланның арманы — мемлекеттік грант ұтып, өз кәсібін кеңейту. Ол ауыл жастарына үлгі боларлық жан. Мүгедектігіне қарамастан, ешкімге салмақ салмай, елге пайдасын тигізіп отыр. Темірге жан бітірген Асланның ерік-жігері — нағыз қайсарлықтың айғағы. #Айдос Тұрған #Aidos Turgan #Айдос Турган ТЕЛ-WHATSAPP: 8702-166-60-01 Instagram -   / aidos_turgan   Tik Tok -   / aidos_turgan  

Смотрите также