"2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың негізгі ережелері"
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды» назарларыңызға ұсынады. Бұл құралды дайындаудағы басты мақсаты – педагогтер қауымына жасанды интеллектінің негізгі қағидаларын жүйелі түсіндіру және оны оқу үдерісіне енгізуге арналған нақты, практикалық құралдарды ұсыну. Академияның зерттеулері көрсеткендей, педагогтердің уақытының басым бөлігі сабақты жоспарлауға кетеді. Осы мәселені шешуде жасанды интеллект – ең тиімді құралдардың бірі. Маңыздысы - жасанды интеллект педагогті алмастырмайды. Білім беру үдерісіндегі басты тұлға – педагог. Оның рөлі жойылмайды, тек жаңа сипатқа ие болады: заманауи технологияларды меңгерген, білім алушыларды бағыттап отыратын шебер тәлімгер. #білім #жаңамектеп #академия #алтынсарин #ауылмектебі #ai Құрметті әріптестер!