ЭКС-СУДЬЯҒА ТИЕСІЛІ ЗАҢГЕРЛІК КОМПАНИЯ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАП ОТЫР МА?!
Бұл жолы Жүйе бағдарламасының ақпараттық алаңына құқық қорғаушы Нұрлыхан Ниязов келді. Ол «Ақниет» жеке кәсіпкерінің заңгерлік компаниямен дауласып жатқанын баяндады. Кәсіпкер ғимаратын бұрынғы судьяға тиесілі компанияға бес жыл мерзімге жалға берген. Алайда, келісімшарт кәсіпкердің мүддесін ескермей жасалғанын ол кеш түсінген. 2021 жылдан бері жалға алу ақысы жүйелі түрде кешіктіріліп келеді. Сонымен қатар, заңгерлік компания ғимаратты үшінші тұлғаларға жалға беріп, коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемей, кәсіпкерді шығынға ұшыратқан. Осы жағдайдан кейін кәсіпкерлер сотқа жүгінді. Бірінші сатылы сотта жеке кәсіпкерлердің тарапына бұл шешім шығарылғанымен, соттың үкіміне келіспеген компания аппеляциялық шағым түсірген. Алайда, құқық қорғаушы экс-судьяның ықпалды байланыстары сот шешіміне әсер етуі мүмкін деп алаңдаулы. Бұл істің соңы немен аяқталады? Құзырлы органдар бұл істі өз бақылауына алып, заңды шешім шығуына ықпал етеді деген үміттеміз. Әділдік үшін күрес маңызды! Егер сіз де заңсыздыққа тап болсаңыз, біздің бағдарламаға келіп, өз оқиғаңызбен бөлісіңіз! Біздің байланыс нөміріміз: 8701 186 38 38 © Жоба ақылы. Демеушімен төленген. Ескерту: Бағдарлама барысында кейіпкерлердің айтқан пікірлері мен көзқарастары Айгүл Орынбек - LIVE YouTube арнасының ұстанымын білдірмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Масс-медиа туралы» заңына сәйкес, сұхбат берушілер өз мәлімдемелерінің дұрыстығы және мазмұнына толықтай өздері жауапты екенін ескертеміз!
Смотрите также
