G
enby!

4.3-4.4 Тармақталған алгоритмдерді программалау

Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 7 сынып информатика Алматы баспасы бойынша #питон сабақтарына шолуды жалғастыратын боламыз. Инстаграм: @roboforce_ WhatsApp: 87027280307 Тармақталған алгоритм – орындалуы керек қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты жүзеге асырылатын алгоритм. Шарт дегеніміз – тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір. 1-тапсырма. К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құр. Егер сан тақ болса, экранға 1, әйтпесе 0 шықсын. 2-тапсырма. Велосипедші Бурабай трассасында V м/с жылдамдықпен қозғалса, S м жолды t секундта жүріп өте ала ма? Анықта. Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректердің енгізілу реті: V – жылдамдық, S – жол, t – уақыт. 3-тапсырма. Қыста күн жылы болса, мұз үстінде хоккей ойнай алмайсың. 7-сынып оқушылары бүгін сабақтан кейін хоккей ойнауды жоспарлап отыр. Мұғалім оқушыларға соңғы үш күнгі тіркелген ауа температурасы t температурадан төмен болған жағдайда ғана хоккей ойнауға болатынын ескертті. Берілген деректерді пайдаланып, оқушылар бүгін хоккей ойнай ала ма, әлде ойнай алмай ма, соны анықтайтын программа құр Деректерді енгізу реті: Соңғы үш күндегі ауа райының мәндері: a, b, с және t температура.

Смотрите также