G
enby!

Жезқазғандық азамат анасы мен қызын озбырлықпен өлтірген | 12.08.2025

Арнаға тіркел / Подпишись на канал:    / @thesevennews   Жүргізуші: Оксана Петерс -   / oksana_peters_tv   ҮШЕУДІҢ ҮКІМІ Қарызы үшін танысын 14 жерден пышақтап, 8 банк пен шағын ұйымнан несие алдырған. Шымкент соты үш қатыгезге үкім кесті. Негізгі айыпталушы 15 жылға сотталды. Қалған екеуі 4 және 2 жылдан арқалады. БИІКТЕГІ ТАҒДЫР Періштесі қақты. Елордада абайсызда тоғызыншы қабаттан құлаған 6 жасар бала тірі қалды. Ал Қосшыда ашық тұрған терезенің алдында ойнап отырған балғынды бейтаныс адам құтқарды. Бала тағдыры үшін жанын шүберекке түйіп, биікке өрмелеген жігіттің жанқиярлығына қаймана жұрт тәнті болды. АҒАШ САНЫН ЖАСЫРАДЫ Дендрожоспар неге құпия сақталып отыр? Әлде жергілікті билік бір гәпті жасырғысы келе ме? Қарағанды экологтары қаладағы ағаштардың электрондық есебін ашық жариялауды сұрайды. Әйтпесе, бағдарламаға бөлінген 65 млн теңгенің мақсатты жұмсалғаны күмәнді. БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БА? 2 қыркүйекте ел бойынша 341 мың бала 1-сыныпқа барады. Дәл сол күні 83 жаңа мектеп ашылады. Қазір тағы 232 мектеп салынып жатыр. Ол біткенде 267 мың баланың білім алуына мүмкіндік туады. Бүгін Үкіметте жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды. ТЕҢІЗ ӘСКЕРІ СЫНАЛДЫ Ақтауда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті сыналды. Құрылым қорғанысқа қаншалықты берік? Маңғыстауда армия авиациясының қатысуымен өткен жедел-тактикалық оқу-жаттығуы мәресіне жетті. --------------------------------------------- Официальный сайт «Седьмого канала» https://tv7.kz/ru/
Instagram:   / tv7_kz   TikTok:   / tv7_kz   Facebook:   / tv7kz   Telegram: https://t.me/tv7_kaz
#Жаңалықтар #жаңалықтар2025 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Смотрите также