JasyI El ұйымының жұмысын қолдаймын.
Мемлекет басшысы JasyI El ұйымының белсенділері мен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты– Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сөндықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. JasyI El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, Олар Сіздерден үлгі алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.