G
enby!

Өзбекте Еркебұлан Тоқтарды жеңетін файтер жоқ. UFC Қазақстанға қашан келеді? Дана Уайттың уәдесі

Америка мен Еуропада MMA спорты қарқынды дамып, аудиториясы еселеп артып жатқанда, Қазақстан билігі бұл спортқа аса назар аудармай отырған секілді. Елімізде аралас жекпе-жектің арнайы федерациясы жоқ. Оның үстіне, төбелестерді телеарналар көрсетпейді. Қазақ файтерлерін АҚШ-қа алып барып, UFC-мен контракт жасасқан белгілі менеджер Нұраддин Садықовтың айтуынша, егер біздің билік немқұрайлық таныта берсе, Дана Уайттың промоушені Өзбекстанды таңдауы мүмкін. “Бірінші болдың” қонағы болған Н.Садықов MMA әлеміндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, тұшымды ойларын айтты, кемшіліктерге тоқталып, Еркебұлан Тоқтардың болашағына өз бағасын берді. Қызықты подкастты соңына дейін көріп, өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз! Таймкод: 00:00 – Басталуы 01:10 – Американың нарығын зерттедім 02:27 – «Бізде уәденің құны бар»: америкалықтардың бизнес жүргізу стилі 03:49 – «АҚШ – әлемнің әртүрлі алаяқтары жиналған мемлекеті» 05:52 – Америкалық промоушндардың ішінде Орталық Азияда ең қадірі бар ұлт – қырғыздар 07:32 – Дана Уайтпен Қазақстанға UFC-ді алып келу мәселесін талқыладық 09:22 – UFC-ді Қазақстанға алып келуге қанша қаражат қажет? 11:10 – Америкалықтар Қазақстанды Ауғанстан мен Пәкістан төңірегіндегі мемлекет деп санайды 13:00 – Paramount UFC-ді көрсету құқығын 7 млрд долларға сатып алды 13:38 – UFC-нің Қазақстанға келу мүмкіндігі қандай? 14:30 – Бакудегі F1: Әзірбайжанның тәжірибесі 15:34 – Өзбек ағайындар UFC-ді өз елінде өткізгісі келеді 16:49 – «UFC Өзбекстанда өтеді» деген сыбыс біздің биліктің тез шешім қабылдауына ықпал етеді 19:14 – Бізде туризм саласында мемлекеттік саясат пен стратегия жоқ 20:00 – Спорт министріне екі цикл уақыт беру керек 22:39 – «Қайрат – Реал» матчы 3 млрд теңге табыс әкеледі 23:42 – Музыкант та спорт саласын басқарған 24:31 – MMA федерациясына ықпалды немесе қаржылы адам қажет 26:40 – Әліби Ідіріс UFC-ді әлі де шулатады 28:23 – Азат пен Асу соңғылардың бірі болып UFC-ге «парадный» есікпен кірді 30:41 – Біз қазақ жігіттерін ерте мақтап, тым көтеріп жібереміз 32:56 – Әлібиге ауыр жүк артып қойдық 34:55 – Кез келген жетістік тәртіптен басталады 37:23 – Спорттық медицина жайында 39:27 – Біз тым көп тренировка жасатамыз 40:55 – Біздің спорттағы ең үлкен проблема – спорт психологтарының жоқтығы 42:00 – Дін = махаббат. Махаббат бар жерде қатыгездікке орын жоқ 42:55 - Еркебұлан Тоқтар UFC-ге баруы әбден мүмкін 43:46 – Пэдди Пимблетт футбол жанкүйерлерін жекпе-жек спортына жақсы интеграция жасады 46:11 – «Ақ үйде» UFC турнирі өтеді 49:51 – «Қасиетті Хабиб»: дағыстандықтарға не жақпай қалды? 51:10 – Индустриядағы дағыстандықтар туралы стереотип 54:16 – Қазақстандағы кәсіпқой бокс туралы 56:20 – Бокста қазір жүйелі жұмыс жоқ 57:40 – Орта Азиядағы боксшылар нарыққа бейімделмеген 1:00:31 – Боксшылардың гонорарын жариялап жіберуі дұрыс емес нәрсе 1:04:31 – Бокс индустриясы қаражат жағынан тым «раздутый» 1:05:31 – «Беріңдерші сол ақшаны» 1:06:03 – Октагондағы хайп 1:09:00 – Өзбекстандағы MMA 1:10:03 – «Еркебұланды алып келгенде, бәрі бізге күлген» 1:10:42 – Өзбекстандағы MMA индустриясы бізден 20 жылға қалып келеді 1:13:48 – Өзбекте Еркебұлан Тоқтарды жеңетін файтер жоқ Telegram: https://t.me/birgolkz
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз -    / @1golkz   Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin   Исатай Мәди -   / issatay_madi   Подкаст қонағы: Нураддин Садыков -   / nuraddins   #mma #ufc #біріншібол

Смотрите также