G
enby!

Енді зейнетақы қорынан тіс емес, көз емдеуге ақша шығаратындар күрт көбейді

Тісті қойып, енді зейнетақы қорынан көз емдеуге ақша шығаратындар күрт көбейді. Өткен айдың өзінде офтальмолог қызметі үшін 1600-ден астам өтініш қабылданып 1 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы алынған. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, бір айда көз еміне қаржы жұмсау көрсеткіші 7 есеге артып отыр. Айта кетсек, бүгінде Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы адамдардың зейнетақы қорындағы 200 миллиард теңге ақшасын шешіп берген 5 қылмыстық топ тергеліп жатыр. Одан бөлек жалған клиника ашып 46 миллиард теңге алған 3 күдіктіге іздеу жарияланды. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, бұл істе тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайды. Десе де осы оқиғадан соң Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тіс еміне зейнетақыдағы қаржыны пайдалануға мүлде тыйым салуды ұсынды. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также