Мүгедек бауырын зорлаған ағайынды үш жігіт сотталды
Түркістан облысында мүгедек бауырын зорлаған ағайынды үш жігітке сот үкімі шықты. Азғындар онсыз да денсаулығында кінәраты бар дәрменсіз туысын моншаға келгенде қорлаған. Немере бауырына опасыздық жасаған олар сотта өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, айыпталушылардың әрекеті толық дәлелденіп әрқайсысы 9 жыл жаза арқалады. Атышулы істің соңғы отырысына өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова да қатысып келді. Естіген адамды есеңгірететін қылмыс Келес ауданында болған. Айыптау орнында отырған үшеу бір әке, бір шешеден туған бір үйдің балалары. 20,22,28 жастағы жігіттер 4 ай бойы жауап беріп, міне бүгін үкімді күтіп отыр. Немере ағайынына азғындық жасап қамалған айыпталушылардың кінәсі сотта толық дәлелденді. ҚАНАТ ӘБУБӘКІР, Келес аудандық сотының судьясы: 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгенге дейінгі күзетпен ұстауда болған уақыты – қауіпсіздігі орташа мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні үшін бір жарым күн есебімен жаза мерзімі есебіне жатқызылсын. Дамуында тежеуі бар 24 жастағы жігіт жаға ұстатарлық жағдайды анасына ақпан айында айтып берген болатын. Онсыз да сынаққа ұшыраған ұлының жағдайына жаны ауыратын анасы зорлықтың ондаған жылға жалғасқанына сенімді. Әрі ағайын бауырларын қорлағандардың саны үшеуден де көп дейді. ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: -Жылы аз деп ойлаймын, келіспеймін. Біз де аппеляцияға береміз. Негізі 12 жылдан сұраған еді. Аз, тем более бір үйдің үш баласы зорлап келген. 5 ай оңалту орталығына қатынадық аптасына екі рет, материальный, моральный ущерб та аз, оған да келіспеймін. Сот моральдық өтемақы ретінде сотталушылардан 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Айта кетейік, айыптау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі жігітке сексуалдық сипаттағы зорлық екі рет жасалған. Алғашқысында ағасының шаңырағына барған азғын сол үйдегі 41 мың теңгені қалтаға басып, баласын зорласа, екіншісінде моншаға келгенінде үш бауыр жабылып қорлаған. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал