ӘСКЕРИ ОДАҚҚА КІМ ҚАРСЫ
Баяғыда қиыншылықты ауызекі тілде - жағдай Жапония, қал Қырғызстан, ахуал Ауғанстан деп сипаттаушы едік. Қазір айналаның бәрі қиыншылыққа, қарама-қайшылыққа толып кетті. Таяу-Шығыстағы Израиль Палестина қақтығысы, Сириядағы ахуал, Украина Ресей соғысы және соның төңірегінде басталған су жаңа саяси ойындардың барлығы да ойландырады. Қазақстан саған әңгіме жоқ, смело жүре беріңдер деп, арқадан қағып бастан сипайын деп тұрған ешкім жоқ. Қолғанат көршің, жанашыр жақының керек. Ол қайда? Ол іргеңде. Бауырлас Өзбек, Қырғыз, Түркмен мен Тәжіктер. Өзара ықпалдасып, байланыстарды тереңдетіп, қиын-қыстау кезеңде арқа сүйейтін ағайынды іздегеннің несі айып? Көршілерде де сол жағдай. Демек Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы терең бір интеграцияға сұранып тұрған сияқты. Түркімен тілінде айтсақ - Merkezi Aziýa Bileleşigi, Тәжік тілінде айтсақ - Иттиҳоди Осиёи Марказӣ, Өзбекше айтсақ Markaziy Osiyo Ittifoqi, қырғыз тілінде айтсақ - Борбордук Азия биримдиги. Осының бәрін қазақшаласақ – Орталық Азия Одағы деп түсінеміз. Бүгінгі тақырыбыз осы турасында болмақ. 5 мемлекет бір одақ боп құрылып, жұдырық боп жұмыла ала ма? ✅ АРНАҒА ЖАЗЫЛЫП, ТЫҢ АҚПАРАТТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ: подписка, лайк, комментарий 🌐 Instagram: https://www.instagram.com/bilgendurys...
🌐 Тик Ток: https://www.tiktok.com/@bilgen.durys?...
#Қазақстан #БілгенДұрыс #Өзбекстан #Қырғызстан #Тәжікстан #Түрікменстан #ОрталықАзия #Одақ