G
enby!

«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?

Бүгін - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай «Әдеби дискурс» подкастының кезекті шығарылымында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаудағы рөлі сөз болды. Әңгіме барысында «Әдебиет танытқыш» еңбегінің тағдыры мен басты құндылықтары, сөз өнерін жіктеудегі ғалымның әдіснамалық ұстанымдары талданды. Сондай-ақ, Ахаң ұсынған, бүгінгі ауыз әдебиетінде ұмыт қалып бара жатқан жанрларды қайта жаңғырту қажеттігі жайлы пікірлер айтылды. «Әдебиет танытқыштағы» ұғымдардың қазіргі әдебиеттанудағы қолданысы, діндар және сындар дәуірі әдебиетінің ерекшеліктері, ахметтанушыларға қарата айтылып жүрген сын-пікірлер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, еңбектегі мысалдарға текстологиялық талдау жасау мәселесі көтеріліп, ұлттық әдебиеттанудың іргетасын қалаған тұлғаның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау жолдары сөз болды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған заманауи зерттеулер мен тың әдістемелердің қажеттігі жөнінде түйінді ойлар ортаға салынды. Қонақтар: ф.ғ.д., профессор, белгілі ғалым - Айгүл ІСМАҚОВА мен ф.ғ.к., профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Білім академиясының директоры, әдебиеттанушы ғалым - Ұлан ЕРКІНБАЙ #әдебиетпорталы #кітап #АхметБайтұрсынұлы #білім #ұстаз _____________________________________________________________________ 00:00 – Аңдатпа 01:37 – «Әдебиет танытқыш» еңбегінің тағдыры 10:30 – Әдебиет танытқыш» еңбегінің ең басты құндылығы неде? 17:24 – Сөз өнерін жіктеудегі ғалымның әдіснамалық ұстанымы 29:00 – «Халық мұрасы» кітабы туралы 34:07 – Ахаң ұсынған, бүгінде ауыз әдебиетінде ұмыт қалған қай жанрды қайта жаңғырту қажет 39:00 – «Әдебиет танытқыш» еңбегінің бөлімдері 44:20 – Қазаққа жазу қашан келді? 45:24 – Төте жазудың өміршеңдігі 46:34 – Қазақ тілі – ғылым тілі 46:58 – М.Дулатұлы «Қазақ тілінің мұңы» 50:31 – «Әдебиет танытқыштағы» ұғымдардың бүгінгі әдебиеттанудағы қолданысы 54:10 – Жапония әліпбиі 58:24 – «Діндар және Сындар дәуір» әдебиеті 1:05:25 – Ұлттық әдебиеттің жастар санасына әсері 1:08:25 – Ахметтанушыларға айтылып жүрген сын 1:13:18 – «Әдебиет танытқыш» еңбегін ЖИ базасына салу 1:14:13 – «Әдебиет танытқыштағы» мысалдарға текстологиялық талдау Ресми сайттың сілтемесі: https://adebiportal.kz/kz/news
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram - https://www.instagram.com/adebiportal...
Facebook -   / adebiportal   TikTok -https://www.tiktok.com/@adebiportalkz...

Смотрите также