G
enby!

Балалар әдебиеті – бүкіл қоғам іргетасының қалыптасу негізі

«Әдеби дискурстың» жаңа шығарылымында «Қазақ балалар әдебиетінің даму белестері мен бүгінгі келбеті» тақырыбы талқыланды. Ыбырай Алтынсариннен басталған тәрбиелік-білімдік дәстүрдің жалғасы, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің жұмысы, баланы кітапқа тартудың тиімді жолдары. Сондай-ақ, жаңа жанрлар мен тақырыптар, балалар поэзиясы және аударма сапасы жөнінде түйінді пікірлер айтылды. Қонақтар: Жазушы, Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы, философия докторы, алаштанушы, әдебиеттанушы, белгілі ғалым – Елдос ТОҚТАРБАЙ мен п.ғ.к., доцент, балалар жазушысы, «Балалар кітапханасы» сериясы 100 кітап жобасының жетекшісі - Бижан ИГЕНБАЕВА. #балаларәдебиеті #елдостоқтарбай #жанрлықкеңес #оқулық #кітап #бижанигенбаева _____________________________________________________________________ 00:00 – Аңдатпа 02:30 – Балалар әдебиетінің хал-ахуалы қандай? 08:30 – Қазақ балалар әдебиетіндегі тәрбие мен білім беру идеялары 14:10 - Балалар оқулығының мазмұндық бағыты қандай болуы керек? 18:00 - Қазақ балалар әдебиетінде жазушылар қатарының аздығы байқалады 20:34 - Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесі – консультативтік орган 26:00 – Балалар әдебиетіне супер қаһарман керек 27:55 – Еліміздегі анимациялық кейпікерлер қазақшалануы тиіс 26:48 – Қазақстан Жазушылар одағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің жұмысы 29:50- Бізде әлемдік деңгейдегі балалар жазушылары бар, оларға қолдау қажет 33:00 – Қоғамдық тамақтану орындары балалар әдебиеті атрибуттарын молынан қолдану керек 37:30 – Біз баланы кітаптың ортасында өсіруіміз керек 41:50 – Байлық та, билік те кітап оқыған баланың соңынан ереді 46:30 – Жасөспірімдерге арналған өлең-тақпақтар аз 50: 30 – Жастарға арналған бестселлер туынды қажет 51:50 – Тіл мәселесі - ешқандай мәселе емес. Қазақ тілі өлмейді. Ресми сайттың сілтемесі: https://adebiportal.kz/kz/news
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram - https://www.instagram.com/adebiportal...
Facebook -   / adebiportal   TikTok -https://www.tiktok.com/@adebiportalkz...

Смотрите также