G
enby!

«Все, поехали!» деген режиссерден не күтуге болады? / Мұхамедәли Болатұлы/Ана тіл мен мына тіл #2

«Ана тіл мен мына тіл» подкасты тіл төңірегіндегі мәселелерге тоқталады. Қазақ тілі қашан толыққанды мемлекеттік тіл болады? Жаңа заманның сұранысына жауап беретін қазақ тілі қандай болуы керек? Бұрынғы өзіміздің ана тілімізден алыстап кетпейміз бе? Уақыт өткен сайын неден ұтып, неден ұтылып жатырмыз? Осы секілді сұрақтарға жауап іздейтін подкастың екінші қонағы – «Қазақ радиосының» дикторы Мұхамедәли Болатұлы. Бірінші қонақ академик Шерубай Құрманбайұлы болған, оның сілтемесі мінекей:    • Тіл мәселесімен тек ғалымдар ғана айналысу...   00:00 Кіріспе. Қазақ даласы ән салып тұр ма? 00:02:07 "Сахна тілінің бағдарламасы қазақ тіліне сәйкес келмейді". 00:02:55 Сөздің жазылуы мен айтылуы бірдей болып кеткені туралы. 00:04:54 «К» туралы. 00:06:30 «Мені кемпір асырады». 00:06:51 Сахна тілінің әдістемесін орысша сахна тілінен ала салған. 00:09:10 Сахна тілін ғалымдар түзей ме? 00:10:44 Тіл әуезін сақтайтын – дауысты дыбыстар. 00:11:01 «О» туралы. 00:11:34 «Е» туралы. 00:12:44 «Сахна тілі дыбысты дөңгелетіп шығарыңдар дейді». 00:13:51 «Ң» туралы. 00:14:00 «Жаңағы» деген сөзді «жанағы» деп айту – сән. 00:14:10 «Саясат Нұрбек кейде «ң» деген дыбысты айтпайды». 00:14:37 Нұртай Сабильянов «ң»-ды айта алмайды. 00:14:39 Мәулен Әшімбаев «ң»-ды айта қоймайды. 00:14:40 «Ң» дыбысы Парламенттің бірлескен отырысына көп жағдайда қатыса алмайды». 00:14:53 «Нартай, Ринат, Мақсат, Абзал Құспан, Дәулеттер сөйлесе, құлағыңның құрышы қанады». 00:15:25 «Мықты маман мылқау болуы да мүмкін, онда тұрған ештеңе жоқ, бірақ «ң»-ды кез келген тілі бар адам айта алады». 00:16:06 «Олжас Бектенов «ң»-ды жақсы айтады». 00:16:30 «Г» дыбысын айтқан адам «ң»-ды да айта алады». 00:18:08 Орыстілді қазақтар қазақшаны үйренбесе де түрікшені үйреніп кетеді. 00:18:30 «Әкем «ф» мен «в»-ны айта алмаған кісі». 00:21:15 «Балалар қазір орысша сауатты боқтайды». 00:22:05 Қазақша акцент туралы. 00:25:02 «Р» туралы. 00:28:25 Ахмет Байтұрсынұлы не дейді? 00:29:26 «Затаевич қайтып келсе, қазақтар гүрілдеп кетіпті ғой дер еді». 00:30:32 «Домбыраның үні – қоңыр үн, ал қазақтар неге гүрілдейді?». 00:32:25 «Бір бала» әнін бас дауыспен айтса қалай шығады? 00:33:41 «Гүрілдесең, әуез жоғалады». 00:34:57 Мұстафа Шоқай, Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Мұқағали Мақатаевтар қалай сөйлеген? 00:36:07 Тіл әуезін сақтаудың пайдасы туралы. 00:37:50 Нұрсұлтан Назарбаевтың даусы туралы. 00:38:06 «Тіл құлақ арқылы түзеледі». 00:39:14 «Мемлекеттік басқару академиясында сөз өнеріне баулитын мамандардың дені орыстілді». 00:40:27 «Басшы үйрен десе, шенеуніктер «ң»-ды үйренер еді». 00:41:08 Әртістердің гүрілдеген даусы туралы. 00:46:50 «Түріктердің қыз-келіншектерінің өзі жуан дауысты келеді». 00:48:20 Басқа тілдердің ықпалы туралы. 00:50:40 Шолпан Байғабылова мен Аманжан Еңсебаевтың Мұхамедәлиге айтқан сыны туралы. 00:53:11 Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллин кімге бата берген? 00:55:06 Мұхамедәли білгенін елге қалай жеткізе алады? 00:57:48 Әуезовтің Байжанбаевқа берген батасы туралы. 00:59:23 «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» ба, «Алматыдан сөйлеп отырмыз» ба? 01:01:11 Дубляж туралы. 01:06:07 Екпін ылғи соңғы буынға түсе ме? 01:08:21 Коментаторлардың үні туралы. 01:09:43 Хаттама. 01:11:04 Мұрат Есжан туралы. 01:14:17 Хаттаманың жалғасы. 01:19:50 Қазақша акцентпен орысша жаңалық оқу. 01:23:49 «Ана тіл мен мына тілге» бір ғалым, бір маман шақырып отыратынымыз туралы. 01:24:05 Qdesign-ға рахмет. 01:24:14 Подкасты қолдау үшін кітап ала аласыздар.

Смотрите также