Ереженің бәрі қазақ тілінің заңдылығына бағынуы керек / Кенжебай Ахметов / Ана тіл мен мына тіл #9
Қазақ тілі қашан толыққанды мемлекеттік тіл болады? Жаңа заманның сұранысына жауап беретін қазақ тілі қандай болуы керек? Бұрынғы өзіміздің ана тілімізден алыстап кетпейміз бе? Неден ұтып, неден ұтылып жүрміз? Осы секілді сұрақтарға жауап іздейтін подкасымыздың тоғызыншы қонағы – әдебиетші Кенжебай Ахметов. Бұған дейінгі әңгімелердің сілтемелері мінекей: Шерубай Құрманбайұлы • Тіл мәселесімен тек ғалымдар ғана айналысу... Мұхамедәли Болатұлы • «Все, поехали!» деген режиссерден не күтуг... Мұрат Есжан • Кинодағы қазақ тілі қандай болуы керек? / ... Назгүл Қожабек • Қазақ тілі қала ма, «қазақтық тіл» қала ма... Батырболат Айтболатұлы • Қазақ тілі қашан тәуелсіздік алады? / Баты... Алмас Жұмағали • Заң қашан қазақша жазылады? / Алмас Жұмаға... Орынай Жұбай • Қыркүйек пе, қыргүйек пе? Бұрынғы демей, э... Қуантқан Ванов • Ғасырға ұласқан дау: и мен у мәселесі / Қу... 00:00 Шымылдық ашу 00:00:14 Бұрынғы ғалымдар қандай еді? 00:03:37 Кейінгі келген ғалымдардың сапасы қандай? 00:06:20 «Тәуелсіздік жылдарында бұрын қалыптасқан ережелерге қарсы шығу пайда болғандай әсер етеді» 00:08:06 «Сөздерді жапсырып жазу – орыс тілінің үлгісі» 00:09:25 «Көппәтерлі деп бірге жазсақ, үшжүзалпысбеспәтерлі дегенді де бірге жазамыз ба?» 00:11:15 Пунктуация ережелері туралы 00:12:57 «Тілдің заңдылықтарынан гөрі мен автормын деген нәрсе маңызды болып тұр» 00:13:45 Оқулық туралы 00:16:09 Алдындағыны жоққа шығарып, жаңадан жасау – басты мақсат па? 00:16:38 Жазылу мен айтылу туралы 00:19:44 И мен у мәселесі 00:20:56 Аударма туралы әңгіменің басы 00:27:57 Аудармадағы негізгі қателіктер 00:32:03 Қазақша қайта жазу мен түпнұсқаның қалпын сақтап аудару туралы 00:33:50 Жаңа аудармаларға баға беріп жатқан кім бар? 00:35:29 Аударманың принциптері іс-қағаз стиліне келгенде жүрмеуі керек 00:38:32 «Өзімізді төмен ұстайтын әдетіміз бар» 00:39:36 Бір саланың тілін қалыптастыру туралы 00:42:24 Аудармашыларды дайындау туралы 00:51:30 Әдемі сөйлегеннің бәрі әдемі жаза алмайды 00:52:17 Бастықтардың шығармашылық адамын түсінуі туралы 00:56:16 «Мәдени мұра» әлі жүріп жатуы керек еді» 01:00:10 «Аударманы оқып отырған адам мен түпнұсқаны оқып отырған адам бірдей әсер алуы керек» 01:00:50 «Аударма кітаптар көп оқылмайды екен» 01:02:01 Ұлттық құрылтай туралы 01:03:27 «Қазіргі сөйлейтіндерді екіге бөлуге болады: билікке ұнауға тырысатындар мен халыққа ұнауға тырысатындар» 01:04:45 «Құрылтайдан мен не күттім?» 01:06:58 Халыққа да ұнайын демей, билікке дейін де ұнайын демей сөйлейтін адамдар неге шықпайды? 01:08:20 «Отыз жылда қандай сөз естімедік?» 01:08:57 «Ұлт ретінде ішкі мүмкіндіктерімізді пайдаланбасақ, ол өшеді» 01:09:28 «Өтірік – орға жығады» 01:10:25 Зиялы қауым туралы 01:15:19 Көпшілікті тәрбиелеу туралы 01:17:30 Мейрам Айдаболов пен «Q-design» компаниясына рахмет 01:17:53 Хаттама 01:18:44 Қорытынды