G
enby!

Ақтаулық азаматтың дилерлік орталыққа апарған көлігін қызметкерлер айдап, соғып тастаған

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Маңғыстау облысының тұрғыны көлігін тізгіндеп, жол апатына түскен дилерлік орталықтың әрекетіне наразы. Жігіт ағасы машинасын автосалонға жөндеуге тастап кеткенін айтады. Алайда орталық маманы темір тұлпарды адам танымастай соғып, басшылығы бұл жайтты жасырып қалғысы келді деп қынжылады. Көлігін несиеге алған азамат шығынды толық өтеп берсін деп отыр. Ал дилерлік орталықтың уәжі қандай? Әріптесім Махаббат Нұржанқызы біліп келді. Бисенбай Жалғабаев екі жыл бұрын көлікті 17 миллион 500 мың теңгеге несиеге сатып алған. Алайда шілде айының ортасында машинадан ақауды байқап, оны жөндету үшін дилерлік орталыққа өткізген. Бірақ арада бірнеше күн өткен соң темір тұлпардың жол апатына түскенін таныстарымнан білдім дейді. БИСЕНБАЙ ЖАЛҒАБАЕВ, Бейнеу ауданының тұрғыны: Бұлар енді аварияны жасап алып, маған білдірмей, машинаны жөндейтін жерге СТО-ға апарып жөндеп қоймақшы болды ма, әлде қалай екенін мен түсінбедім. Бұлар енді аварияның болғанын менен жасырған. Где-то 100-дің аржағында болған скорость. Қатты майысқан, Ланжерон майысып кеткен. Бір жақ крыло почти жоқ. Есік майысқан. Екінші жағында тағы бір удар бар. Жігіт ағасы автосалон көлікті жөндеп беру туралы ұсыныс жасағанын айтты. Алайда ол мұнымен келісіп отырған жоқ. Ол машинаның қаңқасы жөнделгенімен, негізгі бөлшектері толық қалпына келмейді деп отыр. Ал дилерлік орталықтың басшысы мәселені шешеміз деп қысқа қайырды. АЛИХАН ҚОНЫС, дилерлік орталықтың директоры: Қызметкер көлікті жұмыс бабында пайдаланған. Алдын ала тұтынушымен мессенджер арқылы хабарласып, трассаға шығуға рұқсат алғанбыз. Өйткені, олардың шағымы бойынша көліктегі ақау тек жоғары жылдамдықта ғана байқалған. Қазір ішкі тексеріс жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен клиенттің мәселесін әділ әрі жан-жақты шешуіміз қажет. Ал заңгер Аржан Сәдуақас мұндай жағдайдың елде жиі болатынын айтады. Маман әр азаматты сотқа жүгініп, өз құқығын қорғауға шақырады. АРЖАН СӘДУАҚАС, заңгер: Негізінен бізде Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау өте төмен деңгейде. Жасанды тосқауыл жасап тастаған. Азамат өзінің құқығын қорғау үшін ана тосқауылдан өтемін дегенше ол сотқа бармай да қалады. Егер де тұтынушы өзінің құқығы бұзылған болса, осындай жасанды тосқауылдардан өтіп, бәрібір сотқа дейін жеткізіп, өзінің құқықтарын қорғауға тырысу керек. Бисенбай Жалғабаев дилерлік орталыққа «соғылған көліктің орнына жаңасын берсін немесе несиемді толық өтеп берсін» деген талап қойып отыр. Ол істі соңына дейін жеткізуге бекінген. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также