Науқастың суретін пайдаланып, қыруар қаржыға кенеліп жүргендер жазалана ма?
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Алаяқтардан айла артылар емес. Бүгінде науқастың мәліметі мен суретін пайдаланып, өз алдына «ақша жинағын» ашып, қыруар қаржыға кенеліп отырғандар көбейді. Онсыз да қайырымдылыққа қырын қарап қалған халық үшін бұл үрдіс үркуге тағы бір себеп болары анық. Өзгеге көмектесерде нені білу қажет? Садақа берерде сенімді шоттарды қалай анықтаймыз? Әріптесім анықтап көрді. Астана қаласының тұрғыны Гүлзана Бимұратова бірнеше жылдан бері диагнозы дұрыс қойылмаған баласын емдетіп әлек. Амалы құрыған жалғызбасты ана жинақ шотын ашып, көпшіліктен көмек сұрай бастайды. Алайда ананың шарасыздығын өз мақсаттарына пайдаланған жандар, жалған шот ашып, ақша жинап, көлеңкесін көрсетпей кеткен көрінеді. ГҮЛЗАНА БИМҰРАТОВА, Астана қаласының тұрғыны: Тик-токта бір қыз менің ұлымның видеосы рұқсатсыз жүктеп, өзінің парақшасына қойып, ақша жинағанын көрдім. Ол уақытта жағдай өте ауыр болатын. Бүгінде екі көзі көрмейді. Сондай балаға жаны ашудың орнына, оны өз пайдасына қолданды. Мұндай мысалдарды тізбелей берсек, қайырымдылықтың айналасында түрлі қитұрқылықтың барын аңғаруға болады. Себебі қолданыстағы заңда қайырымдылық жасаушыларға есеп беру міндеттелмейді. Айласын асырып, табыстың кілтін тапқандарға да жауапкершілік көзделмеген. Ал алаяқтардан ада болу үшін ақша аударар кезде кез келген қорды шот арқылы тексеру қажет дейді заңгер. АЛИНА ШЫНТАЕВА – заңгер: Әрбір Қазақстан азаматы тексеріп ала алады Әділет министрлігі сайтынан, еговтан, болмаса қаржы министрлігі арқылы тексере алады. Сонымен қатар нақты бір балаға ашылатын болса сбор, әрбір ресми ашылған фондтар өздері, сол науқас бойынша толық мәліметті беруге тиісті. Ақшаны жіберетін кезде тағайындалған счетқа нақты кім үшін, қай фондқа кетіп бара жатқанын нақты толтыру қажет. Тұрғындар болса, қазір көрінген жерге ақша аудармайтын болдық дейді. Мамандар желіде кездескен кез келген жарнамаға сеніп, алаяқтарға алданбау үшін қайырымдылық қоры мен көмек сұраушы тұлғаны жеті рет тексеру артық етпейді деп отыр. Ал «жомарт» деп санаған жекелеген адамдардың ісі күдік тудырса, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласу қажет. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық