G
enby!

Инфобизнес —жалған эксперттер дәуірі. “Ауа” сатып алғандар ақиқаты.

Бүгінгі шығарылымда: Армысыз, көрермен! Шындық пен қиялдың арасы қаншалық алшақ? Бүгінде мыңдаған адам «даму», «бақытты болу», «өзін табу» деген жалған үмітпен соңғы тиынын түрлі курстарға құйып жүр. Сорақысы сол — өсемін, өзгеремін дегендердің көбі білместікпен «ауа» сатып алып, опық жеп жатыр. Инфоалаяқтар өз құрбандарын алдын ала зерттеп алады. Олардың әлеуметтік желіде отыратынын жақсы біледі. Сонымен, инфосығанның құрбаны кімдер? Алаяқтардың қармағына түспеу үшін не білуіміз керек? Қоғамдағы әлеуметтік әлсіздік көп жағдайда адамдарды сыни ойлау қабілетінен айырып тастайды. Осыны шебер пайдаланып жүргендер — өздерін қазіргі заманның пайғамбары санайтындай көрінеді. Көпшілік оларға сенеді, айтқандарын бұлжытпай орындайды. Әсілінде олар әлеуметтік желідегі миллиондардың қалтасын қағып, армандарын сатушы "психологиялық дилерлер". «Инфосыған» деректі фильмі — біздің шығармашылық ұжымның қиялынан шыққан туынды. Нақты айтсақ, қиял мен шындықтың тоғысқан тұсы. Себебі фильмдегі кейіпкерлер — өмірде бар шынайы эксперттер мен жалған табыстың құрбандары. Бірақ бұл жай ғана фильм емес. Бұл — инфоіндетке қарсы көркем қарсылық. Ақиқатты мойындау керек: инфоалаяқтық — заман дертіне айналды. Ал адамзат — сол инфекцияны жұқтырған науқас. Егер бұл індетпен бүгін күреспесек — ертең кеш болуы мүмкін. Деректі фильмді қарап, өз бағаларыңызды беріңіздер. Пікір қалдырып, арнаға жазылып, лайк басуды ұмытпағайсыздар. Бізде идея көп. Айтарымыз одан да көп. Соны түсініп, бағалайтын көрермен болса — біз жалғастырамыз...

Смотрите также