2.2 | Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері | «Тәрбие өнері»
2-модуль: «Тәрбие әдістері», 2-сабақ: Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері Бұл сабақта бізге бұрыннан таныс, бірақ түсініксіз әдіс туралы айтатын боламыз. Сөздің тәрбие әдісі ретінде мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырамыз. Баланы сөз арқылы тәрбиелеудің жолдарын ойластырамыз. Практика: 1. Белсенді тыңдау көрнекі құралын: https://shorturl.at/yawCB
басып шығарып, жиі қарайтын жеріңізге іліп қойыңыз. Мүмкіндігінше чеклистпен күніне бір рет жүріп шығуға тырысыңыз. 2. Балаларыңызбен талқылау негізінде көрнекі құралдармен әрленген отбасылық ережелер құрастырыңыз. Ереже санын 5-тен асырмаңыз. 3. Балаңызбен бірге кітап дүкеніне барыңыз. Өзіңізге бір кітап таңдаңыз. Яғни, балаңызға кітаптармен танысуға және таңдауға мүмкіндік беріңіз. Жасына сай таңдалған кітапты сатып алыңыз. Бірге кешке 5 ақ минут оқу дәстүрін енгізіңіз.