Өзбекәлі өнегесі. Ол НӘН неден «құритынын» білді. Әдебиеттегі дау-дамай – Құлбек Ергөбек /2-бөлім
Adal Adam youtube арнасы жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбекпен болған сұхбаттың бірінші бөлімін бір апта бұрын жариялаған еді. Бүгін соның екінші бөлімін шығарып отыр. Бұл жолы жазушының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке жазған хаты, Бауыржан Момышұлымен он екі күн әңгімелескені, Өзбекәлі Жәнібековтің қиын да қилы, күреске толы ғұмыры, оның Назарбаевпен қарым-қатынасы, Тәуелсіздік кезеңдегі Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев, Алтынбек Сәрсенбаев, Бердібек Сапарбаев сынды қайраткерлердің болмысы, Әбіш Кекілбаевтың елге қызметі, ақын-жазушылар арасындағы, соның ішінде Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Мұхтар Шаханов арасындағы айтыс-тартыс және басқа да тақырыптар таразыланды. #ҚұлбекЕргөбек #ӨзбекәліЖәнібеков #БердібекСапарбаев #ДулатИсабеков #МұхтарМағауин Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 02:36 Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевке жазылған хат немесе өзбек жазушысы Насыр Фазыловтың отбасына жасалған м 15:08 «Боқ домалатқан қоңызға айналып кеттік»: Рухани «стержень» туралы 16:35 Мағауин: Қазақсыз Қазақстан 17:50 «Бәукеңмен 12 күн сөйлестім» 23:30 Момышұлы мен Қонаевтың қарым-қатынасы қалай болды? 31:27 Өзбекәлі Жәнібеков секілді он адам болғанда... 34:00 Назарбаевқа хат жаздым... 37:17 «Жәнібеков 33 музейді 75 музейге дейін көбейтті және жәдігерлерді қазақша сөйлетті» 39:56 Отыз жылда Өзбекәлі Жәнібековті насихаттауға не кедергі келтірді? 41:50 Назарбаев пен Жәнібековті шағыстырған Колбин ба? 43:33 «Өзбекәлі Жәнібеков мені көмекшілікке шақырды» немесе Колбинді алдап қазақ руханиятын көтеру айласы 47:20 «Өзекең ағайындарға көлеңкесі түспеген адам» 48:10 «Өзбекәлі Жәнібеков Әбіш Кекілбаевты өзінің орнына қойып кеткен» 51:50 «Уақыттың құрбаны тек қана Жәнібеков емес...» 54:27 Қонаев өзінің інісі Асқар Қонаев үшін Сәтбаевтың шәкірттеріне қиянат жасады ма? 1:02:33 Бүгінгінің Өзбекәлі Жәнібекові кім? 1:05:40 Болашақта Өзбекәлі Жәнібековтер шыға ма? 1:08:40 Жәнібеков «Жаңа заманға лайық қазақ жастарын эстетикалық тәрбиелеудің концепциясын» жасады 1:10:46 Қырымбек Көшербаевтың Өзбекәлі Жәнібековке жасаған қамқорлығы 1:13:30 Алтынбек Сәрсенбайұлы Өзбекәлі Жәнібековті өзіне ұстаз тұтты 1:17:22 «Назарбаев Жәнібековтің есігінің алдында күткізіп қойды» 1:19:50 «Қазіргі биліктегілер Жәнібековтің қайраткерлік мектебінен тәлім алғанда көргенсіз атанбайтын еді» 1:22:00 Моңғолияның бірінші хатшысы және жағымпаздар туралы 1:25:12 Сапарбаевтың тұлғалық, қайраткерлік қасиеті қалай қалыптасты? 1:30:11 Сапарбаев Қазақстандағы қуғын-сүргінге арналған тұңғыш музейді ашқан 1:31:27 «Сапарбаев өлең жазатын»: Руханиятқа жақын болды 1:39:35 Әкімдік институт және Сапарбаевтың аяғынан кім шалды? 1:42:55 Сапарбаев Тоқаевтан көмек сұрады 1:44:33 «Мен бүгінгі Түркістанға риза емеспін» 1:48:38 «Түркістандағы ЮНЕСКО-мен қорғалатын жерді Болат Назарбаевтың туыстарына берген» 1:51:21 ДТ, ҚТ ауруын кім таратқан? 1:54:42 Бала сатуға Сапарбаев қарсы шықты ма? 2:00:46 Мағауин мен Шаханов, Мағауин мен Исабеков, Мағауин мен Төлен Әбдік арасындағы айтыс-тартыс туралы 2:11:56 Несіпбай Айтұлы мен Қабдеш Жұмаділов арасындағы айтыс 2:12:37 «Әбіш Кекілбаевтай кемеңгеріміздің дархан жүрегін жараладық» 2:16:48 Енді, қай тұлғаны талаймыз? 2:19:44 Жазушылар одағындағы дау-дамай 2:26:43 Қазіргі қазақ зиялысы кім және оқырман деңгейі 2:40:35 Қазақты қазақ ететін нағыз дүмпу қашан?
Смотрите также
