Шарасыз Сара. Тойымсыз НӘН. Өкпесі қара қазандай халық. Келесі билік өте қатал болады- Ерлан Сайыров
Adal ADAM YouTube арнасының кезекті қонағы – Мәжіліс депутаты Ерлан Биахметұлы Сайыров. Бұл сұхбатта ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары мен Владимир Путинмен кездесуінің саяси астарына тоқталып, оның ықтимал себептері мен салдарын саралады. Сондай-ақ, Сара Алпысқызының мемлекет пен отбасы өміріндегі рөліне қатысты көзқарасын білдірді. Алтынбек Сәрсенбайұлының ішкі саясат мектебі, бірінші президенттің өзімен, әулетімен арадағы текетіресі, елдегі идеологиялық өзгерістер туралы ойларын бөлісті. Бұдан бөлек, Марат Тәжин, Берік Әбдіғали, Берік Уәли, Нұрымбет Сақтағанов, Дархан Қалетаев сынды азаматтардың қызметіне бағасын беріп, көзқарасын жеткізді. #ЕрланСаиров #Тоқаев #Назарбаев #АлтынбекСәрсенбайұлы #СараАлпысқызы Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 01:55 Назарбаев неге Путинді жағалап жүр? 06:59 Назарбаев президенттікке кандидат дайындап жүр ме? 08:21 Реваншистік пиғыл 12:10 «Жауды аяған жаралы» 13:35 Келесі саяси толқын қандай болады? 15:26 Назарбаевтың саяси салмағы қандай? 17:11 Назарбаевтың және оның айналасындағылардың қылмысын неге терең ашылмай жатыр? 20:01 Сара Алпысқызының Назарбаев өміріндегі рөлі қандай? 23:44 Назарбаев Сара Алпысқызының екінші күйеуі ме? 25:03 «Алтынбек Сәрсенбаев – менің ұстазым» 26:28 Марат Тәжин туралы 27:07 Алтынбек Сәрсенбаевтың саяси болжамы 29:22 Жеке басқа табынушылық басталғанын білдік... 33:09 1999 жылы Алтынбек Сәрсенбаев «Назарбаев бұдан кейін сайлауға түспейді» деді 34:55 Дариға мен Рахат Алтынбек Сәрсенбаевқа жауықты 37:56 Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасы қалай әсер етті? 39:31 Ерлан Сайыровты кезінде кімдер соттатып жіберді? 40:55 Дархан Қалетаевқа Қазақстанда жоғары лауазым берілсе, Ресей билігінде сұрақтар туындамай ма? 42:35 Берік Әбдіғали туралы 45:31 Абай облысының әкім Берік Уәли туралы 47:16 ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов туралы 49:26 Ерлан Сайыров бүгінгі биліктің рупоры ма? 50:30 Мәжілісте «рұқсат етілген» тақырыптар ғана көтеріле ме? 52:02 Ерлан Сайыров адал адам ба?