Аффирмация. Өмірге жаңа бағыт. Бүгін шешім қабылдау керек. Луиза Хей. қазақша аффирмация
Аффирмация. Өмірге жаңа бағыт. Бүгін шешім қабылдау керек. Луиза Хей. қазақша аффирмация Бүгін шешім қабылдау маңызды. Луиза Хейдің кітабынан үзінді. Маңызды ақпараттар мен аффирмациялар. Луиза Хей – америкалық жазушы, психолог, өз-өзіне көмектесу қозғалысының негізін салушы. Жазушы Америкада «The Hay Publishing» баспаханасы мен «Hay House Radio» радиосын ашқан. Оның кітаптары өз оқырмандарын жігерлендіріп, арманды мақсатқа айналдыруға көмектесті. Балалық шағы Луиза Хей 1926 жылы 8 қазанда Лос-Анджелес қаласында дүниеге келген. Анасы кір жуушы болып жұмыс істеген. Луиза ата-ана мейіріміне бөленбей өседі. Болашақ жазушының балалық шағы кедейлік пен қиыншылықта өтеді. 5 жасында көршісі оған зорлық көрсетеді. Луиза бұл оқиғаны еш уақытта ұмытпайтынын айтқан. Көршісі 15 жылға сотталғанымен, ол қайтып келіп кек қайтарады деген оймен өмір сүреді. Бала Луизаның өз-өзіне деген сенімі сөне бастайды. 4-сынып оқып жүргенінде мектепте үлкен кеш өтеді. Мұнда өзге сыныптастарының ата-аналары түрлі тәттілер мен торт алып келеді. Бұған дейін ол мұндай тәттілерді жеп көрмеген еді. Кезек Луизаға келгенде, торт бітіп қалады. Жазушының айтуы бойынша, өзіне деген сенімсіздік оны кезектің соңына алып барған. Бұл оймен ол бірнеше жыл күреседі Хей Нью-Йорк қаласында даяшы, күтуші, сатушы болып жұмыс істейді. Кейін Луиза сән әлеміне аяқ басады. Осылайша ол миллионер Эндрю Хейдің көзіне түседі. Олар үйленген соң, әлемді аралап, саяхат жасайды. Бірнеше рет корольдың қабылдауында болып, «Ақ үйде» кешкі ас ішеді. Луиза белгілі модельге айналады. Қанша жақсы өмір сүргенімен өзінің толығымен қалыптаспағандығы жайлы ой кетпей қояды. Бұл Хейдің рухани ізденіске түспейінше жалғаса береді. 14 жылдық ортақ өмірден кейін Луизаның күйеуі басқа әйел алатынын айтады. Мұның себебі – баланың болмауы еді. Жазушы ұзақ уақытын қиналумен өткізеді. Бір күні ол балгерге де барады. Балгер оның өмірін болмашы оқиға өзгертетін болжап айтады. #аудиокітап#луизахей#аффирмация#медитация#әйел#денсаулық#даналық#қазақша#өміргежаңабағыт#тәрбие • Луиза Хей. Аффирмациялар. Медитация. Өмірд... • Аңыздар. Қорқыт ата, Айша Бибі, Құрманғазы... • Садхгуру. • Данышпандардың нақыл сөздері. Афоризмдер. ... • Аудиокітаптар. О, махаббат! • Абай Құнанбаев қарасоздер • Шәкәрім Құдайбердіұлы. Баянсыз махаббат. А... • Әңгімелер,әпсаналар,оқиғалар. Өмірлік мәні... • Әңгіме,аңыздар. Қасқырлар қамаған түн Жоғарыдығы сілтемелерге өтіп,ұнаған темадағы видеоны көріп,тыңдаңыз Құрметті оқырман! Алда ана тілімізде көптеген контенттерді жіберіп алмас үшін,Каналға тіркеліп кетіңіз. Рахмет
Смотрите также
