Луиза Хей Ойдың емдік қасиеті. Емдік медитация. Ойдың күші! Бәрі де өз қолыңда! Аудиокітап. Даналық
Луиза Хей. Ойдың емдік қасиеті. Емдік медитация. ойыңды өзгерту, өміріңді өзгерту Луиза Хей – америкалық жазушы, психолог, өз-өзіне көмектесу қозғалысының негізін салушы. Жазушы Америкада «The Hay Publishing» баспаханасы мен «Hay House Radio» радиосын ашқан. Оның кітаптары өз оқырмандарын жігерлендіріп, арманды мақсатқа айналдыруға көмектесті. Балалық шағы Луиза Хей 1926 жылы 8 қазанда Лос-Анджелес қаласында дүниеге келген. Анасы кір жуушы болып жұмыс істеген. Луиза ата-ана мейіріміне бөленбей өседі. Болашақ жазушының балалық шағы кедейлік пен қиыншылықта өтеді. 5 жасында көршісі оған зорлық көрсетеді. Луиза бұл оқиғаны еш уақытта ұмытпайтынын айтқан. Көршісі 15 жылға сотталғанымен, ол қайтып келіп кек қайтарады деген оймен өмір сүреді. Бала Луизаның өз-өзіне деген сенімі сөне бастайды. 4-сынып оқып жүргенінде мектепте үлкен кеш өтеді. Мұнда өзге сыныптастарының ата-аналары түрлі тәттілер мен торт алып келеді. Бұған дейін ол мұндай тәттілерді жеп көрмеген еді. Кезек Луизаға келгенде, торт бітіп қалады. Жазушының айтуы бойынша, өзіне деген сенімсіздік оны кезектің соңына алып барған. Бұл оймен ол бірнеше жыл күреседі Хей Нью-Йорк қаласында даяшы, күтуші, сатушы болып жұмыс істейді. Кейін Луиза сән әлеміне аяқ басады. Осылайша ол миллионер Эндрю Хейдің көзіне түседі. Олар үйленген соң, әлемді аралап, саяхат жасайды. Бірнеше рет корольдың қабылдауында болып, «Ақ үйде» кешкі ас ішеді. Луиза белгілі модельге айналады. Қанша жақсы өмір сүргенімен өзінің толығымен қалыптаспағандығы жайлы ой кетпей қояды. Бұл Хейдің рухани ізденіске түспейінше жалғаса береді. 14 жылдық ортақ өмірден кейін Луизаның күйеуі басқа әйел алатынын айтады. Мұның себебі – баланың болмауы еді. Жазушы ұзақ уақытын қиналумен өткізеді. Бір күні ол балгерге де барады. Балгер оның өмірін болмашы оқиға өзгертетін болжап айтады. Бірде дәрігерлер жазушыда ісіктің бар екенін анықтайды. Алайда ол операция жасауға келіспей, аурумен өзі күреседі. Психологтармен кеңесіп, қатаң диета ұстайды. Түрлі кітаптарды оқиды. 6 айдан кейін дәрігерлер ісіктің жойылып кеткендігін айтады. Бұдан кейін оның «Өз тәніңді қалай емдеу керек?» деген шағын брошюрасы шығады. Луиза Хей өз кітаптарында өз-өзін сендірудің түрлі эмоциялық мәселелерге алып келетінін жазады. Ал арнайы әдістер арқылы өмірді өзгертуге болады дейді. Оның «Өз өміріңді емдей аласың» кітабы 1984 жылдың ең көп сатылған кітабы атанады. #луизахей#медитация#әйел#аффирмация#аудиокітап#даналық#қазақша#емдікмедитация#ойдыңемдікқасиеті Құрметті оқырман! Алда ана тілімізде көптеген контенттерді жіберіп алмас үшін,Каналға тіркеліп кетіңіз. Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, ұнаған видеоңызды көріп, тыңдаңыз! • Луиза Хей. Аффирмациялар. Медитация. Өмірд... • Аңыздар. Қорқыт ата, Айша Бибі, Құрманғазы... • Әңгімелер,әпсаналар,оқиғалар. Өмірлік мәні... • Данышпандардың нақыл сөздері. Афоризмдер. ... • Шәкәрім Құдайбердіұлы. Баянсыз махаббат. А... • Садхгуру. • Аудиокітаптар. О, махаббат! • Абай Құнанбаев қарасоздер