G
enby!

14 жасында сәбилі болған оқушы қыз облыс орталығына жеткізілді

Ақтөбе облысында сәбилі болған оқушы қыз облыс орталығына жеткізілді. 14 жастағы жас ана мен баланың жағдайы қазір дәрігерлердің бақылауында. Күллі елді елең еткізген сұмдық оқиғаның жай-жапсарын арнайы комиссия анықтап жатыр. Мамандар Ойыл ауданына барып, жасөспірімге көрсетілген медициналық көмектің сапасын тексереді. Себебі, жеткіншек бір жылда үш рет тексеруден өткен. Алайда жүктілігі анықталмаған. Тек оқушының сабақ барысында толғағы басталған соң, құрсағында нәрестесі бар екені белгілі болыпты. Айта кетейік, кәмелет жасына толмай ана атанған қыз үйдегі үш баланың тұңғышы. Оның әке-шешесі ажырасып кеткен. Ал, жәбірленушінің өгей атасы қамауда отыр. 64 жастағы зейнеткер зорлау бабы бойынша тергелуде. Ол тоғызыншы сыныпта оқитын қыздың нағашы әжесімен заңды некеде тұрған. Оның мұндай азғындыққа не үшін барғаны әзірге белгісіз. ГҮЛШАТ ТЕМІРБАЕВА, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталық директоры: Баланың да қолындағы сәбидің де жағдайы қанағаттанарлық. Баланың салмағы 2770 грамм. Бала толық тексерістен өтті. Баланың да дені сау, ананың да дені сау. Бүгіндікке үшінші тәулік, анасы да баласы да дәрігерлердің бақылауында. Қыз кәмелетке толмаған болғасын қасында өзінің анасы. Бөлек палатада. Өздеріне бар жағдай жасалған орталықта. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также