"АМАНАТ АРДЫҢ ІСІ": МЫҢЖЫЛДЫҚТЫ МЕҢЗЕГЕН МӨҢКЕ БИ - 350 ЖЫЛ! БІРІНШІ БӨЛІМ
Көшпенділер даналығы мен терең ойдың көрінісіндей болған Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығы Ақтөбе төрінде кең көлемде, ерекше салтанатпен аталып өтті. Қазақ хандығы дәуірінің көрнекті өкілі, көреген би, ел болашағын болжай білген кемеңгер тұлғаның рухына тағзым ретінде ұйымдастырылған іс-шаралар ел есінде ұзақ сақталары анық.