"АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ": СПОРТ ПЕН ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ХІ СПАРТАКИАДА
Шымкент қаласы ерекше рухқа бөленді. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI Спартакиадасының финалдық ойындары мәресіне жетіп,еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған заң саласының өкілдері аламан додада бақ сынауда.Бұл жолғы сынға 20 команда қатысып, 9 спорт түрінен күш-жігерін ортаға салуда.Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу, спорттық шеберлікті шыңдау, әріптестер арасындағы достық пен ынтымақты арттыру. Тек сот залында ғана емес, спорт алаңында да әділдік пен намыс сынға түскендей.Салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы жарыстың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға ақ жол тіледі. Ал сахна төрінде сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов пен Судьялар Одағының төрағасы Досжан Әмір спорттың судьялар қауымдастығы арасында кең қанат жайып келе жатқанын ерекше атады. Олар тартысты ойын көрсетіп жатқан командаларға табыс пен жеңіс тіледі.Сайыс алаңында қатысушылар жанкештілік пен өнерін паш етіп, әр ойында қызықты тартыс өрнегін ұсынуда. Ал жанкүйерлердің қолдауы жарыстың шырайын кіргізіп ерекше қолдауын білдірді.