Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасының 100 жылдық мерейтойы туралы
🎉 2024 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі ел аумағындағы ең көне, жауынгерлік және құрметті бөлімшелердің бірі болып табылатын Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасының жүз жылдық мерейтойын атап өтеді. 💠 Осыған орай бірқатар, соның ішінде мерекелік шеру, қаза тапқан шекарашылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою, «уақыт капсуласын» салу іс-шаралары өткізілді. 💠 Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының, ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, сондай-ақ республиканың шекара әскерлерінің құрылуының бастауында тұрған және жасыл күнқағар киген жауынгерлер буынын тәрбиелеген еңбек сіңірген шекара ардагерлері қатысты. 💠 Сонымен қатар, шекара басқармасының тарихы мен дамуы, оның командирлері, Ұлы Отан соғысындағы әскери қызметшілердің рөлі, сондай-ақ бөлімшенің наградалары және т.б. туралы экспозициялар мен стендтер қойылған мұражай ашылды. 💠 ШҚО әкімінің орынбасары Б.Байахметов және ШҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы полковник С.Рахымов басқарманың әскери қызметшілерін, олардың отбасы мүшелері мен ардагерлерін құттықтап, Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету бойынша контрабанданы анықтау, есірткі, қару-жарақ және т.б. тасымалдауға жол бермеу бойынша қойылған міндеттердің табысты іске асырылғанын атап өтті. ✅ ҰҚК баспасөз қызметі ___________________ ❗️О 100-летнем юбилее Пограничного управления по Зайсанскому району 🎉 23 февраля 2024 года Пограничная служба КНБ Республики Казахстан отмечает значимое событие – столетие Пограничного управления по Зайсанскому району, являющегося одним из старейших, боевых и почетных подразделений на территории страны. 💠 По этому случаю проведен ряд мероприятий, в том числе праздничное шествие, возложение цветов у памятника погибшим пограничникам, закладка «Капсулы времени». 💠 В мероприятии приняли участие руководство Восточно-Казахстанской области, Пограничной службы КНБ, а также заслуженные ветераны-пограничники, стоявшие у истоков образования погранвойск республики и воспитавшие не одно поколение бойцов в зеленых фуражках. 💠 Кроме того, состоялось открытие музея, в котором выставлены экспозиции и стенды об истории и развитии Пограничного управления, ее командирах, роли военнослужащих в Великой Отечественной Войне, а также награды подразделения и многое другое. 💠 С поздравлениями в адрес военнослужащих управления, членов их семей и ветеранов выступили заместитель акима ВКО Б.Байахметов и начальник Департамента ПС по ВКО полковник С.Рахимов, они отметили успешную реализацию поставленных задач по обеспечению режима Государственной границы, выявлению контрабанды, недопущению провоза наркотических средств, оружия и других. ✅ Пресс-служба КНБ