G
enby!

Әскерилер арасында «Менің Отбасым - Менің Отаным» атты байқау өтті

Кеше Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлім басшылығының ұйымдастыруымен, әскери бөлімде отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және әскери қызметшілердің жанұялары арасындағы ынтымақ-бірлікті нығайту мақсатында «Менің отбасым – менің Отаным» атты байқау өтті. Байқауға әскери бөлімнен төрт отбасылары бақ сынасты. Онда әскери қызметшілердің жұбайлары мен балалары белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Байқау барысынды қатысушылар өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және отбасылық құндылықтарға деген көзқарастарын көрсетті. Отбасылар ән айтып, би билеп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын көріністер қойды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық қабілетін, дайындығын және отбасылық бірлікті көрсету шеберлігін бағалады. Байқау қорытындысы бойынша үздік шыққан әскери отбасылар марапатталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Бірақ ең бастысы – барлығы өзара достық пен бірліктің, үлкен рухани қолдаудың куәсі болды.

Смотрите также