БАС МҮФТИ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАДЫ? | Жат ағымдармен күрес | Наурызбай қажы Тағанұлы
00:00 Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен ашық сұхбат. Бұл сұхбатқа өте тыңғылықты дайындалып, детально зерттедім. Тіпті интервью басталар алдында бас мүфтиге «ғұсыл алып келдім» деп қалжыңдадым 😊, себебі тақырыптар жеңіл емес еді. Сұхбат барысында мынадай өткір сұрақтарды көтердім: – Мешіттердің бұрынғыдай ағартушылық, әмбебап орталық ретіндегі рөлі; – Жамағатқа түскен садақа мен зекеттің ашықтығы; – Әркім өз бетінше пәтуа шығарып жүрген «хаос» жағдайы; – Қазақ тілінде толыққанды тәпсірдің қашан болатыны; – Жастардың интернет арқылы радикалдануы; – Деструктивті ағымдармен күрес; – Танымал уағызшылардың қоғамды адастыруы; – Қажылық фирмаларының алаяқтығы мен ислам атын жамылған қаржы пирамидалары. 🕌 Бұл сұхбат – біздің қоғамда талқыланып жүрген, бірақ ашық айтылмай жүрген күрделі мәселелерді көтерген әңгіме. 1:08 COVID уақытында ҚМДБ қандай қиындықтармен бетпе бет келді? 5:56 Онлайн құрбандық, онлайн садақа қалай жүзеге асты? 9:26 COVID кезінде ҚМДБ байланыс орталықтары тәулік бойы 2 тілде сұрақтарға жауап берді 10:40 Имамдар әлеуметтік желіде белсенді болуы керек пе? 15:40 Әлеуметтік желіде белсенді имамдарға арнайы бағыт беріліп, қоғамға қажет ақпарат насихатталады 16:32 Мүфтияттың Munara TV арнасы 17:32 ҚМДБ-ға мемлекеттен қаржы бөлінбейді 18:50 Тарихқа, дәстүрге қарсы ақпарат айтатын уағызшылар жайлы 19:57 Бір адамның қате сөзі талай жанның адасуына себеп болуы мүмкін 22:50 Кейде танымалдықтың өзі адамды дертке шалдықтырады 25:15 «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы 27:40 2025 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі 28:55 Бұл съез қазақ елінің әлем халқына жасап отырған игіліктерінің бірі 31:15 Дін мен технологияны үйлестіру мүмкін бе? 34:00 Мүфтият-бот, Қажы-гайд жайлы 34:49 Жасанды интеллектке қатысты Мүфтият қандай пәтуа шығарды? 36:52 Елордадағы Ислам академиясы – Ихсан идеясы 41:50 Мешіттер көпсалалы ағарту орталықтары емес, тек ғибадатханаға айналды ма? 44:00 Мешіт жанындағы медиация орталығы жайлы 51:40 Мешітте арнайы кітапханалар аштырдық 53:25 Садақа, зекеттің есебі қалай жасалады? 56:10 3 мыңға жуық мешіттің 500-ге жуығы ғана өз қаражатымен өз шығынын жаба алады 57:00 Бас мешіт кезінде қарызға кіріп, есепшотын жауып тастаған 59:00 Халық кімді тыңдайды? Ресми пәтуа реестрі бар ма? 1:02:18 Қазақша Құран тәпсірі қашан пайда болады? 1:05:56 Ислам дінінің теріс ағымдарының ықпалынан қалай шығамыз? 1:12:00 Діни қызметкер басқа бір ағымға бейімді болса, біз оған шаралар қабылдаймыз 1:16:00 Ислам қаржысы. Mudarabah Capital пирамидасы 1:18:53 Кей фирмалар қажыға баратын азаматтарды алдап жүр 1:23:46 Қасапшының өзі құбыланы білмей тұрады / Құрбандық шалу мәселесі 1:33:00 Имамдардың біліміне қатысты муфтияттың көзқарасы қалай? 1:37:25 Исламда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай пікір айтылады? 1:40:10 Уәде ұғымы рухани түсінікте нені білдіреді? 1:42:00 Наурызбай Қажы Уәдесі Достар, менің авторлық каналыма қош келдіңіздер! Алдағы уақытта қоғамдағы саяси-экономикалық өзекті мәселелерді ашық талқылау арқылы объективті ақпаратты сіздерге ұсынамын! / erbolatmyrza / erbolat_mukhamedzhan https://t.me/erbolatmuhamedjan
#ислам #ҚМДБ #подкаст