G
enby!

Қазақтар "өлетінін" естігісі келмейді, өзіңді қарғайды / Ішкіштің миы 90-дағы шалмен тең

Бүгінгі спикеріміз – нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Миға 7700 рет ота жасаған маманмен МИ және ЖИ (жасанды интеллект) төңірегінде әңгіме қозғадық. Алматыда күрделі ота жасап, ізін ала шетелде тағы операция жасауға аттанып бара жатқан қонағымыз арасында уақыт тауып, бірнеше сұрағымызға жауап берді. Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай? Адамдар неге скрининг жасаудан қорқады? Ми неге қартаяды? ЖИ хирургтерді де алмастыра ма? Осы және өзге де сұрақтарымызды спикерге қойып көрдік. Сұқбатты толық көремін десеңіз, төменде тайм-код та қоса беріліп отыр. Мархабат! Бізден сапалы контент, сізден лайк пен коммент! 00:00 — Тизер – сұқбатқа қысқаша шолу03.23 — Дәрісін ішпей өліп кететін науқастар бар! Бәріне дәрігер кінәлі ме? 05:36 — Кетоналды көп ішкендер бүйрегінен айрылып жатыр 15:34 — Операция жасатқандардың арасында танымал тұлғалар бар 17:05 — Операция жасатқан танымал тұлғаларды көргенде не ойладық? 19:10 — Ішімдікке әуес жандардың миы солып қалады 20:51 — Шымкентте күрделі операция кезінде жарық өшіп қалды. Науқастың тағдыры не болды? 23:50— Тәуіптер тайраңдап жүр, ал қателескен дәрігерлер түрмеде отыр 25:00 — Оқыған-тоқығандардың өзі әулие мен тәуіпке барып, ауруын асқындырып алады! 29:46 — Бұрын аузыма келгенді "оттай" салатынмын, қазір ойланып сөйлеймін 32:45 — Біздегі менталитет: 40-тағы жігітті консультацияға анасы жетектеп әкеледі 35:10 — Егер штраф салса, бәрі скринингтен өтер еді... 37:13 — Мұндай қызметке бишара жалақы төлеуге болмайды! 44:03 — Енді 10 жылдан соң терапевтер жұмыссыз қалуы мүмкін 46:16 — Жасанды интеллект атом бомбасын да жарып жіберуі мүмкін… 48:32 - Мүмкін мен ненормальный идиот шығармын… 51:33 Қазаққа жаны ашитын — қазақ қана 53:17 Әдемі болу — қымбат, денің сау болу — арзанырақ 55:21 - Кірпік жабыстыратын қыздардың жалақысы шамамен 1,5-2 млн тг 58:29 - Біздің қыздар әлдеқайда әдемі, өзіне қарайды 01:01:47 - Би өмірді ұзартады 01:02:54 - Әйел мен ердің өмір сүру ұзақтығы теңесуі мүмкін 01:05:48 - Жақсы сөйлеу өмірді ұзартады 1:14:48 Қазақстан медицинасында проблемалар көп 1:21:37 — Нейрохирургияны ойлайтын шенеунік бар деу қиын…

Смотрите также