“Qazaq Stroy” тұрғызған «Жайлы тұрғын үй» кешені атына сай болмай шықты
Алматыда “Qazaq Stroy” құрылыс компаниясы тұрғызған «Жайлы тұрғын үй» кешені атына сай болмай шықты. Тұрғындардың айтуынша, мердігерлер келісіммен алты ай бұрын беру керек пәтер кілттерін бір ай бұрын ғана табыстаған. Онымен қоймай, үстіңгі қабаттан әлі күнге дейін аспан көрінеді. Салдарынан олар үйлеріне жөндеу жасап, көшіп кіре алмай, басқа жерді жалдап тұруға мәжбүр.