G
enby!

Миллионер Марат Әбиевтің ісі «подстава» ма? Қанат Бозымбаевтың қандай қатысы бар?

Жас миллионер Марат Әбиев Астана СИЗОсында үш жылдан бері қамауда отыр. Ол 2022 алдымен «жалған ақпарат таратты», «билікке қарсы қаңсыз ұйым құрды» деген айыппен 7 жылға сотталған. Оның шартты түрде мерзімімнен бұрын шығу уақыты жақындағанда 2025 Қаржылық мониторинг агенттігі «ұйымдасып қылымыс жасады», экономикалық контарабандымен айналысты» деген айыппен жалпы мерзімі 9 жылға тағы соттады. Онымен бірге бұрын жұмыс істеген тағы төрт кәсіпкер бизнестерінен айырылып, сотталған. Екі сот отырысына қатысқан адвокаттар бұл істі Қазақстанның сот жүйесінде бұрын-соңды болмаған нонсенс деп атайды. Алғашқы сот оны Канададан тұқым әкеліп «Қазақстанды астық державасына айналдырамын» деген арманы мен Ақ ордаға қайырылған митинг үшін соттаса, соңғысы ол мүлде қатыспаған және іс жүзінде болмаған экономикалық қылмыс жасады деп дәлелсіз айыптағанын жақындары мен адвокаттары айтып отыр. Әбиевтің туыстары өткізген баспасөз конференциясында Қазақстандағы ықпалды шенеуніктер мен ірі агрофермерлер аты аталды. Туыстары Әбиевтің жеке амбициясын вице- министр Қанат Бозымбаев пен ҰҚК пайдаланып отырғанын және оны президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы күні митингіге шыққанын айтты. Ал оның Канададан әкелген тұқымдарын өздерінің иелігіндегі ұлан- ғайыр жеріне сеуіп, тәжірибе жасап, көз жеткізген экс президент Нұрсұлтан Назарбаева жақын ірі жер иесі Иван Сауэр, бұрынғы ҰҚК генерал- лейтенанты, ТЖ министрі әрі мәжіліс депутаты Владимир Божконың ұлы Михаил Божко мен Анатолий Рафальский 50 миллион теңгеден астам қаржы алынғаны туралы келісім шартта көрсетілгенін айта отырып, кейін көздері жеткізген тәжірибені сотта жоққа шығарғаны айтылды. Неге? Біз бұл тақырыпты ары қарай зерттейтін боламыз. Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

Смотрите также