ПОЛИЦЕЙЛЕР СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Есірткі айналымына қарсы бағытталған «Қарасора-2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні тасымалдады деген күдікпен бір азаматты ұстады. Жедел-іздестіру шаралары қызметтік-іздестіру иті «Сэмнің» қатысуымен жүргізілді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 228-шақырымында «Alphard» маркалы автокөлік тоқтатылды.Көліктегі жолаушылардың бірінен 40 грамм 13 миллиграмм көлемінде синтетикалық есірткі заты — мефедрон тәркіленген.
Смотрите также
