Алматы облысының әкімі Райымбек ауданының жаңа әкімін таныстырды
Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданы активімен кездесіп, жаңадан сайланған аудан әкімін ресми түрде таныстырды. Бұл жолғы әкім ауысуы бұрынғыдан ерекше. Енді аудан басшысы жоғарыдан тағайындалмайды, халық өзі таңдайды. Елдің еркін таңдауымен аудан тізгінін Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаев ұстады.