Ұйғыр ауданында жақсы жаңалық көп
Көгілдір отын, жаңа үйлер мен зауыттар.Ұйғыр ауданында жақсы жаңалық көп. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарадала өңіріне жұмыс сапарымен барып, халықпен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Облыс басшысы газ кірген ауылда ақсақалдармен бірге көгілдір отынның тұсауын кесіп, жаңа үйге қоныстанған тұрғындарға пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік экономикалық даму барысы мен болашақ жоспарларымен бөлісті