Ливерпульде қанды айқас болады.Махмұд пен Төреханнан алтын күтеміз.Қамшыбек құрамаға қайта орала ма?
4 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) бокстан әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додаға Қазақстанның ерлер құрамасы да, қыздар құрамасы да толық құрамда аттанды. Әлемдік бокс державалары – Куба мен Өзбекстан да Британ аралдарына бірнеше күн бұрын келіп алып, оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Яғни, олар да жаһан чемпионатына дайындығын пысықтап алды. Енді нағыз кескілескен айқас болады. Қазақ боксшыларының әлеуеті қалай, олардан қанша алтын күтеміз? Осы сұрақтың жауабын іздеп «Бірінші болдың» тұрақты спикерлері тағы бас қосты. Біздің жігіттердің басты қарсыластары кім, дайындық жұмыстары қалай өтті, жалпыкомандалық есепте қаншасыншы орын алуымыз мүмкін және қыздар боксының ахуалы туралы осы подкаст барысында талқыладық. Шығарылымды соңына дейін көріп, сіз де өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз. Telegram: https://t.me/birgolkz
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin Уәлихан Қосанбай - / ualikhan_kosanbay Подкаст қонағы: Аслан Қаженов - / kazhenov.aslan #бокс #worldboxing #біріншібол
Смотрите также
